БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ВЕБ-КВЕСТ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2023.68.1.005
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазіргі білім беруді ақпараттандыру дәуірінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары мен олардың болашақ мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға ықпалы ерекше өзектілікке ие. Жалпы білім беру стандартының талаптарына сәйкес болашақ маман оқыту процесінде ақпараттық-білім беру ортасын құра білуі және заманауи технологиялардың (атап айтқанда, веб-квест технологиясының) артықшылықтарын шебер пайдалана білуі керек. Қазіргі уақытта веб-квест технологиялары білім беру тәжірибесінде қолданылып келетініне қарамастан, олардың мәні теориялық тұрғыдан толық ашылмай, жүйесіз және бірізділік сақталмай енгізілуде. Осыған байланысты білім беру саласында веб-квесттерді қолданудың дидактикалық әлеуетін анықтау мәселесінің өзектілігі туралы атап өткен жөн. Мақалада болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы веб-квест технологиясының педагогикалық мүмкіндіктері қарастырылған. Веб-квест технологиясын ақпарат көзі ретінде пайдалану оқу процесін жан-жақты және тиімді ұйымдастыруға ықпал етеді, болашақ мұғалімнің өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктерін түсінуге көмектеседі, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға және ақпараттық мәдениетін дамытуға жағымды әсер етеді. Мақалада веб-квест технологиясының ерекшеліктері жөнінде ашып баяндалады, веб-квесттердің құрылымы және олармен жұмыс істеу формалары сипатталады. Олардың басқа ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арасындағы өзіндік орны ашып көрсетіледі.