РЕСЕЙ МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: КӨП ПОЛЯРЛЫ ӘЛЕМДЕГІ САЯСИ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ЖӘНЕ ЯДРОЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48010/aa.v103i4.759
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Көпполярлы әлемнің қалыптасу жағдайында Қазақстан Ресей мен Қытай тәрізді аса ірі екі ядролық державаның ортасында өзіндік геосаяси мәртебесімен ерекшеленеді. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін еліміз әлемдегі төртінші ең ірі ядролық арсеналды мұраға алғанына қарамастан, жаһандық қауіпсіздік пен қарусыздану қағидаттарына адал екенін көрсетіп, одан саналы түрде бас тартты. Бір жағынан, бұл қадам Қазақстанның сенімді серіктес және бейбітшіл ел ретіндегі халықаралық беделін нығайтуға мүмкіндік берді. Екінші жағынан, елдің Ресей мен Қытай ортасындағы қазіргі географиялық орналасуы ұлттық қауіпсіздік саласында қосымша сын-тегеуріндер тудырады, бұл мүдделер тепе-теңдігін сақтауды әрі икемді сыртқы саясат жүргізуді талап етеді. Басты мәселе – Қазақстанның әр тараппен өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға ұмтылысы ядролық қаруы орасан зор державалардың жаһандық бәсекесінен туындайтын қайшылықтарға тап болуы мүмкін. Ядролық қауіпсіздік тұрғысынан алғанда, бұл мемлекеттердің ядролық қаруды таратпау және қару-жарақты шектеу жөніндегі халықаралық шарттары аясындағы міндеттемелерін ұлттық мүдделермен ұштастыру қажеттігін туғызады. Бұл мәселенің шешімі Қазақстанның бейтарап көпір ретіндегі рөлін одан әрі жалғастырып, өңірде диалогты нығайту мен шиеленісті төмендетуге белсенді ықпал ету мүмкіндігінде жатыр. Автордың пайымы бойынша, ауқымды ядролық әлеуеттен ерікті түрде бас тарту тәжірибесі және тиісті бастамаларға белсенді қатысу Қазақстанға маңызды делдал ретінде әрекет етуге мүмкіндік береді. Мұндай стратегия ұлттық қауіпсіздікті арттырумен қатар, ядролық мәселелерді жауапты ынтымақтастық пен дипломатиялық көшбасшылық арқылы шешудің әлеуетін көрсетеді.