ДАЛА ЖАНЫНЫҢ АЙНАСЫ: ҚАЗАҚТАР МЕН ҚЫРҒЫЗДАРДЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48010/aa.v103i4.700
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақала қазақтар мен қырғыздардың тарихи және мәдени ұқсастықтарын зерттейді, олардың біртұтас көшпелі өркениет аясында қалыптасқан ұзақ мерзімді өзара әрекеттестігінің күрделі феномені қарастырылады. Осы халықтардың ортақ өркениеттік бастаулары мен олардың әлеуметтік-мәдени эволюциясын тереңдетілген теориялық талдау арқылы сипаттай отырып, көшпелі өркениеттің ішкі диалектикасын зерттеу мақсат етілді.Зерттеуде салыстырмалы-тарихи және өркениеттік әдістерді синтездеу арқылы екі этностың мәдени-әлеуметтік архетиптері мен олардың трансформациялық динамикасы талданды. Қазақтар мен қырғыздардың табиғи-географиялық ортаға экзистенциалдық бейімделуі, шаруашылық-экономикалық құрылымдардың инварианттылығы және рулық-тайпалық ұйымдасуының сакралды маңызы ізденістің негізін құрайды. Сонымен қатар, олардың дүниетанымдық жүйелерінің эпистемологиялық және аксиологиялық аспектілері, сенім құрылымдарының метафизикалық негіздері мен символикалық мазмұнының өзара байланысы ашылады.Мақала көшпелі өркениеттің эпистемологиялық мәртебесіне қайта үңіле отырып, оны әмбебап философиялық парадигмалар контекстінде қайта пайымдауды ұсынады. Бұл тұрғыда мәдениеттердің өзара ықпалдастығы мен олардың экзистенциалдық тәжірибелерінің ортақ негіздерін анықтау, тарихи сана мен ұлттық болмыстың қалыптасуында шешуші рөл атқарған ұғымдық-онтологиялық құрылымдарды түсіндіру көзделді.Зерттеу нәтижесінде қазақтар мен қырғыздардың мәдениеттеріндегі мәдени-өркениеттік түптамырлардың сәйкестігі және олардың жаһандану жағдайындағы өзекті ұлттық-саяси санасына ықпалы анықталды. Бұл талдау көшпелі өркениеттің ерекшеліктерін тек этнотарихи зерттеу шеңберінде ғана емес, сонымен қатар оны адамзат өркениетінің көпқырлы тұтас жүйесінің ажырамас бөлігі ретінде қарастырудың қажеттілігін айқындайды.