МЕКТЕПТЕ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА БАҚЫЛАУ КАРТАЛАРЫ МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ТИІМДІЛІГІ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53355/zhu.2025.116.3.010
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты – мектептердегі дене тәрбиесі сабағында салауатты өмір салтын қалыптастыруды дамыту бағытында арнайы дайындалған педагогикалық бақылау мен бағалау карталарын оқу үдерісінде тиімді қолдануды ғылыми тұрғыдан негіздеу. Жұмыстың басты идеясы – дене тәрбиесі пәнінің мазмұнын жетілдіруде педагогикалық бақылау құралдарының қажеттілігін тану, оқушыларды салауатты өмір салтына баулуға негізделген әдістемелік ұсыныстарды жүйелеу. Зерттеудің негізгі бағыты – дене тәрбиесі пәнін талдау және бағалаудың озық әдістерін анықтау негізінде сабақ мазмұнын сапалық тұрғыдан жетілдіру. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы – дене тәрбиесі сабағының сапасын жаңарту мақсатында бақылау және бағалау карталарын пайдаланудың теориялық және әдістемелік негізін қалыптастыру арқылы мұғалімдердің кәсіби біліктілігін дамытуға, оқушыларды салауатты өмір салты дағдыларына жүйелі түрде баулуға ықпал етуінде. Практикалық маңыздылығы – ұсынылған бақылау және бағалау карталарын тәжірибеге ендіру негізінде сабақ мазмұнын дамытуға, мұғалім жұмысының сапасын жетілдіруге, оқушылардың қызығушылығын арттыруға ықпал етуінде. Зерттеу жұмысында келесі әдістер пайдаланылды: педагогикалық бақылау, салыстырмалы талдау, сауалнама жүргізу, алынған деректерге сандық және сапалық өңдеу жүргізу. Тәжірибелік жұмыс дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курсы шеңберінде ұйымдастырылды. Зерттеу нәтижесінде дене тәрбиесі сабағында қолданылған бақылау карталары сабақ құрылымын мақсатты түрде ұйымдастыруға, сабақ мазмұнын арттыруға, оқушылардың сабаққа қызығушылықпен қатысуын жоғарылатуға ықпал ететіні дәлелденді. Салыстырмалы талдау нәтижелері – мұғалімдер педагогикалық бақылауды жүйелі түрде жүргізу негізінде күнделікті оқу үдерісінде өз жұмыстарына талдау жасай алатынын және оқушылардың дене тәрбиесіне ынта–ықыласының артатынын көрсетті. Қорытындысында – ұсынылған бақылау құралдары сабақтың мазмұны мен сапасын көтеруге оң әсер ететіндігі айқындалды. Бұл зерттеу жұмысы оқу үдерісінде педагогикалық бақылау мен бағалаудың жаңа үлгілерін енгізудің тиімділігін ғылыми негізде дәлелдейді. Бақылау карталары арқылы мұғалімнің кәсіби қызметін жетілдіру және оқушылардың мотивациясын арттыру сияқты маңызды аспектілер зерделеніп, тәжірибе негізінде нақты нәтижелерге қол жеткізілді. Цель исследования – научное обоснование эффективного применения специально разработанных карт педагогического контроля и оценки в учебном процессе, направленного на формирование здорового образа жизни на уроках физической культуры в школах. Основная идея работы заключается в признании необходимости использования педагогических средств контроля при совершенствовании содержания предмета физической культуры и в систематизации методических рекомендаций, ориентированных на формирование у учащихся устойчивых навыков здорового образа жизни. Основное направление исследования – качественное совершенствование содержания уроков физической культуры на основе выявления передовых методов анализа и оценки. Научная значимость исследования состоит в том, что формирование теоретических и методических основ применения карт педагогического контроля и оценки способствует развитию профессиональной компетентности учителей, обновлению качества уроков физической культуры и систематическому формированию у учащихся навыков здорового образа жизни. Практическая значимость заключается в том, что внедрение разработанных карт контроля и оценки в педагогическую практику способствует совершенствованию содержания учебных занятий, повышению качества профессиональной деятельности учителей и росту интереса учащихся к урокам физической культуры. В исследовании использовались следующие методы: педагогическое наблюдение, сравнительный анализ, анкетирование, а также количественная и качественная обработка полученных данных. Практическая часть исследования была организована в рамках курсов повышения квалификации учителей физической культуры. В ходе эксперимента доказано, что использование контрольных карт способствует целенаправленной организации структуры уроков, обогащению их содержания и повышению учебной мотивации учащихся. Результаты сравнительного анализа показали, что систематическое проведение педагогического контроля позволяет учителям осуществлять самоанализ своей деятельности, а у учащихся формируется устойчивый интерес к занятиям физической культурой. В заключение установлено, что предложенные средства педагогического контроля оказывают положительное влияние на содержание и качество уроков физической культуры. Суть исследования заключается в научном обосновании эффективности внедрения новых форм педагогического контроля и оценки в образовательный процесс. В работе исследованы такие важные аспекты, как совершенствование профессиональной деятельности учителя и повышение мотивации учащихся посредством использования контрольных карт. На основе практического опыта подтверждена их результативность. The purpose of this study is to scientifically substantiate the effective use of specially designed pedagogical monitoring and assessment cards in physical education classes to promote a healthy lifestyle. The core idea is to recognize the necessity of pedagogical monitoring tools in improving the content of physical education and to systematize methodological recommendations aimed at fostering students’ healthy habits. The main focus is on qualitatively enhancing lesson content by identifying advanced methods of analysis and assessment in physical education. The scientific significance lies in developing the theoretical and methodological foundations for using monitoring and assessment cards to improve the quality of physical education classes, thereby supporting teachers' professional development and systematically encouraging students to adopt a healthy lifestyle. Practically, introducing these cards into teaching practice helps develop lesson content, improve teaching quality, and increase student engagement. The research methods included pedagogical monitoring, comparative analysis, surveys, and quantitative and qualitative data processing. The practical part was conducted within a professional development course for physical education teachers. Results demonstrated that the monitoring cards helped structure lessons purposefully, enhance lesson content, and boost students' active participation. Comparative analysis showed that teachers conducting regular pedagogical monitoring could analyze their work daily and increase students' motivation towards physical education. In conclusion, the proposed monitoring tools positively impact lesson content and quality. This study scientifically proves the effectiveness of introducing new pedagogical monitoring and assessment models in the educational process. Key aspects such as enhancing teacher professionalism and increasing student motivation were examined, achieving concrete results based on practical application.