Аңдатпа
Есту қабілеті бұзылған студенттердің санының артуы білім беру үдерісінде, әсіресе химия пәнін оқытуда, оқытушылар үшін бірқатар қиындықтар туғызады. Бұл, бір жағынан, химиялық ұғымдардың күрделі әрі контекстке тәуелді болуымен байланысты. Бұл зерттеудің мақсаты – есту қабілеті бұзылған студенттерді оқу үдерісіне тартуда дәстүрлі әдістерге қарағанда тиімдірек стратегияларды анықтап, инклюзивті білім беруді дамытуға үлес қосу. Зерттеу Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің 1–курс студенттері арасында жүргізілді. Зерттеуге «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша білім алып жатқан 54 студент қатысты. Олар әрқайсысы 27 студенттен тұратын екі топқа бөлініп (эксперимент және бақылау топтары), квази–эксперименттік дизайн негізінде зерттелді. Зерттеу нәтижелері ойынға негізделген оқыту әдісінің есту қабілеті бұзылған студенттер үшін химия пәнін меңгеруде тиімді құрал бола алатынын көрсетті. Бұл тәсіл студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, күрделі ұғымдарды түсінуіне де оң әсер етті. Алынған нәтижелер практикалық тұрғыдан маңызды, себебі инклюзивті сынып жағдайында ойын технологияларын қолдану – барлық студенттер үшін, әсіресе мүмкіндігі шектеулі білім алушылар үшін, оқыту процесін қолжетімді әрі қызықты етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл тәсіл оқушылардың эмоционалды қолдау сезімін арттырып, белсенді қатысуына ықпал етеді. Ойын форматы арқылы ұсынылған оқу материалы оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып бейімделеді, бұл инклюзивті білім берудің негізгі қағидаттарына толық сай келеді. Болашақ зерттеулерде ойын технологиясының ұзақ мерзімді әсерін, әртүрлі пәндер мен білім беру жағдайларындағы тиімділігін зерттеу маңызды. Сондай–ақ, түрлі жастағы және білім деңгейіндегі студенттермен жүргізілетін салыстырмалы зерттеулер арқылы бұл әдістеменің әлеуетін тереңірек ашуға болады. Рост числа студентов с нарушениями слуха создает определённые трудности для преподавателей, особенно в таких дисциплинах, как химия, где понятия сложны и во многом зависят от контекста. Цель данного исследования – определить более эффективные стратегии по сравнению с традиционными методами обучения для вовлечения студентов с нарушениями слуха в образовательный процесс и внести вклад в развитие инклюзивного образования. Исследование проводилось среди студентов 1 курса Алматинского государственного колледжа сервиса и технологий. В нём приняли участие 54 студента специальности «Инженерия программного обеспечения». Участники были разделены на две группы по 27 человек (экспериментальная и контрольная), исследование проводилось с применением квази– экспериментального дизайна. Результаты показали, что обучение на основе игровых технологий является эффективным инструментом для студентов с нарушениями слуха при изучении химии. Этот подход не только повысил интерес студентов к предмету, но и способствовал лучшему усвоению сложных понятий. Полученные данные имеют важное практическое значение: использование игровых технологий в инклюзивных классах делает образовательный процесс более доступным и интересным для всех студентов, особенно для лиц с ограниченными возможностями. Кроме того, игровой формат способствует эмоциональной поддержке обучающихся и активному участию в процессе. Учебный материал, представленный в игровой форме, адаптируется с учётом индивидуальных особенностей студентов, что полностью соответствует основным принципам инклюзивного образования. В будущих исследованиях целесообразно изучить долгосрочное влияние игровых технологий, их эффективность в различных дисциплинах и образовательных условиях. Также важно проводить сравнительные исследования с участием студентов разных возрастов и уровней подготовки для более глубокого раскрытия потенциала данного подхода. The increasing number of students with hearing impairments presents certain challenges for educators, especially in disciplines such as chemistry, where concepts are complex and highly context–dependent. The aim of this study is to identify more effective strategies compared to traditional teaching methods for engaging students with hearing impairments in the educational process and to contribute to the development of inclusive education. The study was conducted among first–year students of the Almaty State College of Service and Technologies. A total of 54 students majoring in "Software Engineering" participated. The participants were divided into two groups of 27 students each (experimental and control groups), and the study employed a quasi– experimental design. The results showed that game–based learning is an effective tool for students with hearing impairments when studying chemistry. This approach not only increased students’ interest in the subject but also contributed to a better understanding of complex concepts. The findings have significant practical value: the use of game technologies in inclusive classrooms makes the educational process more accessible and engaging for all students, especially for those with disabilities. In addition, the game–based format promotes emotional support and active participation among learners. The educational material presented through games is adapted to the individual needs of students, fully aligning with the key principles of inclusive education. Future research should explore the long–term effects of game technologies, their effectiveness across different subjects and educational contexts. Comparative studies involving students of various ages and academic levels are also necessary to further uncover the potential of this approach.