Аңдатпа
Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика – Математика ғылымының ерекше саласы. Ықтималдықтар теориясы ХХ ғасырдың басында аксиомаландыру арқылы математиканың толыққанды бөлігіне айналуымен қатар математикалық статистиканың негізі болып табылады. Бұл салалардың даму салдарынан тәуекелдер теориясы, актуарлық математика, стохастикалық анализ, биостатистика тәрізді жаңа ғылым бағыттары мен соның негізінде жаңа мамандықтар легі пайда болуда. Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканың осындай маңыздылықтары ескеріле отырып, қазіргі таңда мектеп математика курсына да енгізілген. Сол себепті ықтималдықтар теориясын және оның үзіліссіз жалғасы болып табылатын математикалық статистиканы жан–жақты теориялық және практикалық тұрғыдан оқыту өзекті болып табылады. Басты, бірақ көпшілік жағдайда оқу барысында назар аударылмайтын, сондықтан да дайын формулаға қойып, есеп шығарумен шектелетін негізгі ұғымдарды беру әдістемесі зерттеуді қажет ететін өзекті мәселелердің бірі. Сонымен қатар, ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика элементтері мектеп бағдарламасына соңғы жылдары енгізілгендіктен оларды қай сыныпта, қандай көлемде беру қажеттігін анықтау пәнді оқыту әдістемесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Мақаланың мақсаты ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканың негізгі ұғымдарының дұрыс математикалық анықтамаларын және оларды беру әдістемесін алғашқы ұғымдар мысалында ұсыну және сол тақырыптар мысалында білім алушылардың жас ерекшеліктерін анықтау болып табылады. Осыған орай, мақалада ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика элементтерін мектеп математикасында беру әдістемесінің назар аударуды қажет ететін тұстары, атап айтқанда, тәжірибе, тәжірибенің орындалуы және тәжірибе нәтижелері ұғымдарын ажырата білу, оқиға, оқиға орыдалуы, басты жиынтық сияқты негізгі ұғымдары зерттелінген және оларды беру әдістемесі ұсынылған. Аталған және басқа да ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика тақырыптарын мектеп математикасында қай сыныпта енгізуді анықтауға мүмкіндік беретін эмпирикалық тәжірибе негізінде бірқатар ұғымдар үшін жас ерекшеліктер анықталған қорытындылар жасалды. Бұл ұсынылған зерттеу нәтижелері мектеп бағдарламалары мен оған сәйкес келетін оқулықтарды құруда негіз бола алады. Теория вероятностей и математическая статистика представляют собой особый раздел математической науки. Аксиоматизация теории вероятностей в начале XX века ознаменовала её становление как самостоятельной и фундаментальной области математики, одновременно теория вероятностей является основой для математической статистики. Развитие этих направлений способствовало появлению новых областей знаний, таких как теория риска, актуарная математика, стохастический анализ, биостатистика и другие, а также обусловило возникновение ряда специальностей. В связи с возрастающей ролью вероятностно–статистических методов в различных сферах науки и практики, их включение в школьные программы по математике является своевременным и обоснованным. В связи с чем, теоретическое и практическое обучение теории вероятностей и математической статистике является актуально. Одним из важных вопросов является методика преподавания базовых понятий, которые часто упускаются из виду в процессе обучения, и ограничиваются подстановками в формулы и расчётами. Кроме того, поскольку в последние годы в школьную программу включены элементы теории вероятностей и математической статистики, определение возрастных способностей учащихся, т.е. в каких классах и в каком объёме следует преподавать каждую тему дисциплины, является важным компонентом методики преподавания предмета. Цель статьи заключается в на примере некоторых основных понятий теории вероятностей и математической статистики обсуждении и предложение математически корректных определений, методики их преподавания, а также учет возрастных особенностей учащихся. В связи с этим в статье рассматриваются требующие внимания аспекты методики преподавания элементов теории вероятностей и математической статистики в школьной математике, в частности, умение различать понятия эксперимент, реализация эксперимента и результат эксперимента, событие, реализация события, генеральная совокупность, и предлагается методика их преподавания. На основе эмпирического опыта, позволяющего определить, с какого класса следует вводить эти и другие темы теории вероятностей и математической статистики в школьную математику, делаются выводы, выявляющие возрастные особенности учащихся для ряда понятий. Результаты представленного исследования могут служить основой для создания школьных программ и соответствующих учебников. Probability theory and mathematical statistics represent a distinct branch of mathematical science. The axiomatization of probability theory in the early 20th century marked its emergence as an independent and fundamental field of mathematics. At the same time, probability theory serves as the foundation for mathematical statistics. The development of these disciplines has contributed to the emergence of new areas of knowledge such as risk theory, actuarial mathematics, stochastic analysis, biostatistics, and others, and has led to the formation of several specialized fields. Given the growing importance of probabilistic and statistical methods in various areas of science and practice, their inclusion in school mathematics curricula is both timely and justified. Therefore, the theoretical and practical teaching of probability theory and mathematical statistics is highly relevant. One of the key issues is the methodology for teaching fundamental concepts, which are often overlooked during instruction and reduced to mere formula substitution and calculations. Furthermore, since elements of probability theory and mathematical statistics have been introduced into the school curriculum in recent years, determining the age–related capabilities of pupils—namely, in which grades and to what extent each topic should be taught—is a crucial component of the teaching methodology for this subject. The purpose of this article is to discuss and propose mathematically accurate definitions of certain fundamental concepts in probability theory and mathematical statistics, as well as teaching methods for these concepts, taking into account the age–related characteristics of students. In this regard, the article examines key aspects of the methodology for teaching elements of probability theory and mathematical statistics in school mathematics that require particular attention. Specifically, it addresses the importance of distinguishing between the concepts of an experiment, an experiment's realization, and its outcome, as well as an event and its realization, statistical population, and proposes an instructional approach for teaching these concepts. Based on empirical experience that helps determine the appropriate grade levels at which to introduce these and other topics in probability theory and mathematical statistics, the article draws conclusions about the age–related characteristics of students in relation to a number of fundamental concepts. The results of this study can serve as a foundation for the development of school curricula and corresponding textbooks.