Аңдатпа
Әнші–ақындардың шығармашылығы бүгінгі мектеп оқушыларының рухани–мәдени дамуы үшін аса құнды. Алайда бүгінгі білім алушылардың танымдық әлеуеті мен қабылдау ерекшеліктері заман талабына қарай едәуір өзгергенін ескеру маңызды. Мақала жалпы орта білім беретін мектептің жоғары сынып оқушыларына қазақ әнші– ақындарының поэзиясын цифрлық әңгімелеу әдісі арқылы оқытудың психолингвистикалық және педагогикалық тиімділігін зерттеуге бағытталған. Зерттеудің өзектілігі қазіргі жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқытудың жаңашыл әдістерін енгізу қажеттігімен түсіндіріледі. Қазақстанның орта мектеп бағдарламасында XIX ғасыр әнші–ақындарының өмірі мен шығармалары тақырып ретінде қамтылған. Аталған материалды оқыту үдерісінде ақпараттық– коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, сондай–ақ оқушыны орталық тұлға ретінде танып, оның дербес білім алуына негізделген белсенді әдістерді қолдану – қазіргі білім беру жүйесінің басты талабы. Зерттеудің мақсаты – қазақтың әнші–ақындары поэзиясын цифрлық әңгімелеу (digital storytelling) әдісі арқылы оқытудың психолингвистикалық және педагогикалық тиімділігін айқындап, мектеп тәжірибесіне енгізуге арналған мазмұндық–әдістемелік үлгі ұсыну. Зерттеудің ғылыми жаңалығы – әнші–ақындар шығармаларын мультимедиалық форматта қайта баяндаудың (видеоэссе, деректі қысқаметраж, поэзиялық подкаст, анимация) бірізді моделі жасалды, бағалау рубрикасы мен нақты тапсырмалар картасы әзірленді. Зерттеу барысында сауалнама, педагогикалық эксперимент, поэтикалық талдау әдістері қолданылып, Canva, StoryMap, Adobe Express сынды цифрлық құралдар интеграцияланды. Нәтижесінде цифрлық әңгімелеу оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырып, шығармашылық пен тілдік құзыреттілігін дамытатыны анықталды. Оқыту үрдісінде цифрлық әңгімелеуді пайдалану оқушылардың эмоционалды танымын күшейтіп, қазақ әнші– ақындары шығармаларының идеясын терең түсінуге жағдай жасайды. Зерттеу жұмысы цифрлық педагогика мүмкіндіктерін ұлттық әдебиетті оқытуда тиімді қолданудың ғылыми негізін қалайды. Творчество казахских певцов–акынов обладает высокой ценностью для духовно– культурного развития современных школьников. В то же время важно учитывать, что познавательный потенциал и особенности восприятия нынешних обучающихся существенно изменились под влиянием требований времени. Настоящая статья ориентирована на исследование психолингвистической и педагогической эффективности преподавания поэзии казахских певцов–акынов учащимся старших классов общеобразовательной школы с использованием метода цифрового повествования (digital storytelling). Актуальность работы обусловлена необходимостью внедрения инновационных методов обучения в контексте обновленного содержания образования. В учебных программах средней школы Казахстана тема жизни и творчества певцов–акынов XIX века обозначена как самостоятельный раздел; при ее освоении принципиально значимыми являются эффективное использование возможностей информационно–коммуникационных технологий, признание учащегося центральным субъектом обучения и применение активных методов, основанных на его самостоятельной образовательной деятельности. Цель исследования – обосновать психолингвистическую и педагогическую эффективность обучения поэзии певцов–акынов через цифровое повествование и предложить содержательно–методическую модель, готовую к внедрению в школьную практику. Научная новизна состоит в разработке последовательной модели мультимедийного пере–повествования произведений (видеоэссе, документальный короткометражный фильм, поэтический подкаст, анимация), а также в подготовке оценочной рубрики и карты конкретных заданий. В методологии применены анкетирование, педагогический эксперимент и поэтический анализ; интегрированы цифровые инструменты Canva, StoryMap, Adobe Express. Результаты показывают, что цифровое повествование усиливает учебную мотивацию, развивает творческие способности и языковую компетентность учащихся; в процессе обучения оно интенсифицирует эмоционально–когнитивное восприятие и способствует более глубокому пониманию идей поэзии певцов– акынов. Исследование закладывает научные основы эффективного использования возможностей цифровой педагогики при преподавании национальной литературы. The creative legacy of Kazakh singer–poets is of significant value for the spiritual and cultural development of today’s school students. At the same time, it is essential to recognize that learners’ cognitive capacities and modes of perception have substantially evolved in line with contemporary demands. This article investigates the psycholinguistic and pedagogical effectiveness of teaching the poetry of Kazakh singer–poets to upper–secondary students by means of digital storytelling. The study is relevant due to the need to introduce innovative instructional methods within the framework of the updated national curriculum. In Kazakhstan’s general–education programs, the lives and works of nineteenth–century singer–poets constitute a dedicated topic; effective delivery requires the meaningful use of information and communication technologies (ICT), recognition of the learner as the central agent, and the application of active, self–directed learning strategies. The objective is to substantiate the psycholinguistic and pedagogical effectiveness of digital storytelling for teaching singer–poets’ poetry and to propose a content–methodological model ready for classroom implementation. The study’s novelty lies in designing a coherent model for multimodal re–narration of texts (video essay, documentary short, poetry podcast, animation), together with an assessment rubric and a task map. Methodologically, the research employs a questionnaire survey, a pedagogical experiment, and poetic analysis; digital tools such as Canva, StoryMap, and Adobe Express are integrated. The findings indicate that digital storytelling increases student engagement, enhances creativity and linguistic competence, strengthens the emotional–cognitive dimension of learning, and deepens conceptual understanding of the singer–poets’ ideas. Overall, the study lays the groundwork for the effective use of digital pedagogy in teaching national literature.