САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДЕ (ТДМ 4) ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АРҚЫЛЫ ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53355/zhu.2025.116.3.015
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні (ЖИ) қолданудың педагогикалық, әдістемелік және этикалық қырлары қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 4–мақсаты – «Сапалы білім» аясында айқындалады, себебі жасанды интеллект білім беру сапасын арттыруға, инклюзивтілікті қамтамасыз етуге және білім алушыларға жеке оқу траекториясын ұсынуға зор мүмкіндік береді. Мақалада ЮНЕСКО, ЭЫДҰ, Еуропалық комиссия және Еуропалық парламент құжаттарына жасалған талдаулар ұсынылып, білім беру жүйесінде жасанды интеллект құралдарын қолданудың артықшылықтары мен шектеулері анықталған. Зерттеу әдіснамасы квантитативті контент–талдауға негізделді, ал эмпирикалық дерек көзі ретінде «Aitalim» платформасының пайдаланушыларына қатысты деректер қарастырылды. Нәтижелер жасанды интеллект құралдарының педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, функционалдық сауаттылығын дамытуға және сабақ мазмұнын дайындау тиімділігін жоғарылатуға ықпал ететінін көрсетті. Сонымен бірге, жасанды интеллект құралдарын білім беруде интеграциялау білім алушылардың шығармашылығын, ынтымақтастығын дамытуға, сондай–ақ бағдарламалау, машиналық оқыту және этика негіздерін меңгеруге көмектесетіні атап өтілді. Мақалада DigCompEdu еуропалық шеңбері мен ISTE стандарттары талданып, педагогтердің цифрлық құзыреттілігін қалыптастырудағы маңызы ашылды. «Aitalim» платформасының тест құрастыру тәжірибесі мұғалімдерге оқу тапсырмаларын автоматтандыруға, уақытты үнемдеуге және білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескеруге мүмкіндік беретіні көрсетілді. Қорытындылай келе, жасанды интеллект білім беру саласында педагогикалық тәжірибені жаңа деңгейге көтеретін қуатты құрал болып табылады. Дегенмен, оны тиімді қолдану үшін этикалық, құқықтық және әдістемелік тұрғыда кешенді дайындық қажет. В этой статье рассматриваются педагогические, методические и этические аспекты применения искусственного интеллекта (ИИ) в системе образования. Актуальность исследования определяется в рамках Цели 4 Трудовых целей устойчивого развития Организации Объединенных Наций (ТДМ) – «Качественное образование», так как искусственный интеллект предоставляет огромные возможности для повышения качества образования, обеспечения инклюзивности и предложении учащимся индивидуальных образовательных траекторий. В статье представлены анализы документов ЮНЕСКО, ОЭСР, Европейской Комиссии и Европейского Парламента, выявлены преимущества и ограничения использования инструментов ИИ в системе образования. Методология исследования основана на количественном контент–анализе, а эмпирическим источником данных были данные пользователей платформы «Aitalim». Результаты показали, что инструменты ИИ способствуют повышению профессиональной компетенции педагогов, развитию функциональной грамотности и повышению эффективности подготовки содержания уроков. Также отмечается, что ИИ помогает развивать критическое мышление, творчество, сотрудничество, а также осваивать основы программирования, машинного обучения и этики. В статье анализируются европейская рамка DigCompEdu и стандарты ISTE, и раскрывается их значение в формировании цифровых компетенций педагогов. Практика создания тестов на платформе «Aitalim» показала, что она позволяет учителям автоматизировать учебные задания, экономить время и учитывать индивидуальные потребности учащихся. В заключение искусственный интеллект является мощным инструментом, который может поднять педагогическую практику на новый уровень. Однако для его эффективного использования необходим комплексный подход в этическом, правовом и методическом аспектах. This article explores the pedagogical, methodological, and ethical aspects of using artificial intelligence (AI) in the education system. The relevance of the study is defined within the framework of the United Nations Sustainable Development Goal (SDG) 4 – "Quality Education," as AI provides significant opportunities to improve the quality of education, ensure inclusivity, and offer personalized learning pathways for students. The article presents analyses of documents from UNESCO, OECD, the European Commission, and the European Parliament, identifying the advantages and limitations of using AI tools in the education system. The research methodology is based on quantitative content analysis, and the empirical data source involves user data from the "Aitalim" platform. The results show that AI tools contribute to enhancing teachers' professional competence, developing functional literacy, and increasing the efficiency of lesson content preparation. It is also highlighted that AI helps develop critical thinking, creativity, collaboration, and aids in mastering the fundamentals of programming, machine learning, and ethics. The article analyzes the European DigCompEdu framework and ISTE standards, revealing their importance in shaping teachers' digital competencies. The test creation practice on the "Aitalim" platform demonstrated that it allows teachers to automate learning tasks, save time, and consider the individual needs of students. In conclusion, artificial intelligence is a powerful tool that can elevate pedagogical practice to a new level. However, its effective use requires a comprehensive approach from ethical, legal, and methodological perspectives.