Аңдатпа
Қазіргі кезеңде білім беру саласындағы еңбек қатынастары құқықтық реформалаудың өзекті нысанына айналып отыр. Бұл салада қалыптасқан еңбек қатынастарының ерекшелігі – оның тек экономикалық қырларымен шектелмей, сонымен қатар әлеуметтік, мәдени және адами капиталды дамытуға бағытталған кешенді сипатқа ие болуында. Қазақстан Республикасындағы педагогтардың құқықтық мәртебесін айқындау, олардың еңбек құқықтарын қорғау, еңбек жағдайларын жетілдіру, сондай– ақ білім беру ұйымдарында әлеуметтік әріптестік механизмдерін енгізу қажеттілігі білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды алғышарттарының бірі ретінде қарастырылады. Аталған зерттеу жұмысының мақсаты – білім беру саласындағы еңбек қатынастарын құқықтық тұрғыдан реформалаудың бағыттарын, әлеуметтік әріптестік институтының рөлін және құқықтық реттеудің тиімді тетіктерін ғылыми негіздеу. Зерттеуде халықаралық тәжірибе мен ұлттық құқықтық базаның салыстырмалы–талдамалық шолуына сүйене отырып, білім беру қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қамтамасыз етудегі кемшіліктер мен құқықтық олқылықтар айқындалады. Сонымен қатар, педагогтардың әлеуметтік қорғалуын арттыру және еңбек дауларын шешудегі құқықтық кепілдіктерді күшейту жолдары ұсынылады. Мақалада еңбек құқығы мен білім беру құқығының түйісу нүктесінде пайда болатын күрделі құқықтық қатынастарды кешенді түрде реттеу қажеттілігі атап көрсетіліп, осы салада әлеуметтік әріптестік механизмдерін (ұжымдық шарттар, келісімдер, кәсіби бірлестіктер мен кәсіподақтардың рөлі) дамыту перспективасы ғылыми тұрғыда талданады. На современном этапе трудовые отношения в сфере образования становятся актуальной формой правового реформирования. Особенностью сложившихся в этой сфере трудовых отношений является то, что они не ограничиваются только экономическими аспектами, но имеют комплексный характер, направленный на развитие социального, культурного и человеческого капитала. Необходимость определения правового статуса педагогов в Республике Казахстан, защиты их трудовых прав, совершенствования условий труда, а также внедрения механизмов социального партнерства в организациях образования рассматривается как одна из важнейших предпосылок модернизации системы образования. Цель данной исследовательской работы–научное обоснование направлений правовой реформы трудовых отношений в сфере образования, роли Института социального партнерства и эффективных механизмов правового регулирования. В исследовании, опираясь на сравнительно–аналитический обзор международного опыта и национальной правовой базы, выявляются недостатки и правовые пробелы в обеспечении трудовых прав работников образования. Кроме того, будут предложены пути повышения социальной защищенности педагогов и усиления правовых гарантий в разрешении трудовых споров. В статье подчеркивается необходимость комплексного регулирования сложных правоотношений, возникающих на стыке трудового права и права на образование, научно анализируется перспектива развития механизмов социального партнерства (коллективных договоров, соглашений, роли профессиональных объединений и профсоюзов) в данной сфере. At the present stage, labor relations in the field of education are becoming an urgent form of legal reform. The peculiarity of the existing labor relations in this area is that they are not limited only to economic aspects, but have a complex character aimed at the development of social, cultural and human capital. The need to determine the legal status of teachers in the Republic of Kazakhstan, protect their labor rights, improve working conditions, and introduce social partnership mechanisms in educational institutions is considered one of the most important prerequisites for modernizing the education system. The purpose of this research work is to scientifically substantiate the directions of legal reform of labor relations in the field of education, the role of the Institute of Social Partnership and effective mechanisms of legal regulation. The study, based on a comparative and analytical review of international experience and the national legal framework, identifies shortcomings and legal gaps in ensuring the labor rights of education workers. In addition, ways to increase the social protection of teachers and strengthen legal guarantees in resolving labor disputes will be proposed. The article highlights the need for comprehensive regulation of complex legal relations arising at the intersection of labor law and the right to education, and scientifically analyzes the prospects for the development of social partnership mechanisms (collective agreements, agreements, the role of professional associations and trade unions) in this area.