Аңдатпа
Мақала «Рухани жаңғыру» бағдарламасына қатысты қоғамдық дискурсты педагогикалық тұрғыдан зерделеуге бағытталған. Зерттеудің негізгі мақсаты – бағдарламаның ресми және қоғамдық коммуникацияларындағы құндылықтық бағдарларды айқындап, олардың жастардың ұлттық бірегейлігін қалыптастырудағы тәрбиелік әлеуетін ғылыми тұрғыда талдау. Зерттеу қоғам санасын жаңғырту саясаты тек саяси–әлеуметтік құбылыс қана емес, сонымен қатар білім беру мен тәрбие жүйесінде қолдануға болатын маңызды әдіснамалық және мазмұндық ресурс екенін көрсетуге негізделген. Зерттеу бағыты жастардың құндылықтық бағдарларын қалыптастырудағы дискурстық стратегиялардың рөлін анықтауға, білім беру үдерісінде рухани және мәдени мазмұнды тиімді пайдаланудың ғылыми негіздерін ұсынуға бағытталды. Зерттеудің ғылыми маңызы мемлекеттік идеологиялық дискурсты педагогикалық ғылым тұрғысынан кешенді талдаудың жаңа тәсілін ұсынуы арқылы айқындалады. Зерттеу нәтижелері оқу– тәрбие үдерісінде, тәрбие бағдарламалары мен әдістемелік құралдар жасауда қолданылуы мүмкін. Мақалада контент–талдау әдісі қолданылды: сандық тұрғыда лексикалық бірліктер мен тақырыптық маркерлердің жиілігі анықталса, сапалық талдау олардың саяси және мәдени контексте интерпретациялануына бағытталды. Нәтижесінде «ұлттық құндылықтар», «білім», «жаңғыру», «бірлік», «қазақ тілі» сияқты доминант ұғымдар жастардың құндылықтық бейнесін қалыптастыруда негізгі рөл атқаратыны анықталды. Жастардың ұлттық бірегейлігін қалыптастыру мүмкіндіктері ең алдымен олардың тарихи жад пен мәдени дәстүрге негізделген құндылықтарға бейімделуі арқылы айқындалады. Сонымен қатар, дискурстағы білім, тіл және бірлік ұғымдары жастардың өзіндік «ұлттық менін» тануына және жаһандық кеңістікте бәсекеге қабілетті болуына ықпал етеді. Бағдарлама аясында қалыптасқан құндылықтық парадигма жастардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, қоғамдағы әлеуметтік ынтымақ пен ұлттық тұтастықты нығайтудың тиімді педагогикалық құралы ретінде танылады. Жасалған талдау нәтижесінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының дискурсы педагогикалық тұрғыдан тұлғаның рухани–адамгершілік дамуын қамтамасыз ететін, ұлттық бірегейлікті нығайтатын маңызды құрал ретінде бағаланды. Зерттеу қоғамдық дискурсты білім беру жүйесінде ұлттық сана мен құндылықтарды қалыптастыруға ықпал ететін тиімді педагогикалық ресурс ретінде ұсынуымен құнды. Статья посвящена педагогическому анализу общественного дискурса программы «Рухани жаңғыру». Основная цель исследования – выявить ценностные ориентиры в официальных и общественных коммуникациях и научно обосновать их воспитательный потенциал в формировании национальной идентичности молодежи. Работа исходит из того, что политика модернизации общественного сознания является не только социально–политическим феноменом, но и значимым методологическим и содержательным ресурсом, который может эффективно использоваться в системе образования и воспитания. Исследование направлено на определение роли дискурсивных стратегий в формировании ценностных установок молодежи и на разработку научных основ использования духовного и культурного содержания в образовательном процессе. Научная новизна исследования заключается в предложении нового подхода к комплексному анализу государственного идеологического дискурса с позиций педагогической науки. Практическая значимость состоит в возможности применения результатов в учебно–воспитательном процессе, в программах и методических материалах. В качестве методологической базы использован контент–анализ: количественный анализ позволил выявить частотность ключевых лексических единиц и тематических маркеров, а качественный – интерпретировать их в социально–культурном контексте. В результате установлено, что такие доминантные понятия, как «национальные ценности», «образование», «возрождение», «единство», «казахский язык», играют ключевую роль в формировании ценностного образа молодежи. Возможности формирования национальной идентичности молодежи определяются, прежде всего, их ориентацией на ценности, основанные на исторической памяти и культурных традициях. Кроме того, такие понятия, как «образование», «язык» и «единство» способствуют осознанию молодежью собственного «национального Я» и формированию конкурентоспособности в глобальном пространстве. Ценностная парадигма программы усиливает гражданскую ответственность молодежи, укрепляет социальное единство и национальную целостность, выполняя функцию действенного педагогического инструмента. The article is devoted to the pedagogical analysis of the public discourse of the «Rukhani Zhangyru» program. The main objective of the study is to identify value orientations in official and public communications and to substantiate their educational potential in shaping the national identity of youth. The research is based on the idea that the modernization of public consciousness is not only a socio–political phenomenon but also an important methodological and substantive resource that can be effectively integrated into the system of education and upbringing. The study focuses on determining the role of discursive strategies in shaping youth’s value orientations and on developing scientific foundations for the effective use of spiritual and cultural content in the educational process. The scientific novelty lies in offering a comprehensive pedagogical analysis of state ideological discourse, while the practical value is reflected in the applicability of results in educational practices, value–oriented programs, and methodological materials. The methodological framework is based on content analysis: quantitative analysis was used to identify the frequency of lexical units and thematic markers, while qualitative analysis was aimed at interpreting them within political and cultural contexts. The results revealed that dominant concepts such as «national values», «education», «renewal», «unity», and «Kazakh language» play a significant role in shaping the value–based worldview of youth. The potential for developing youth’s national identity is primarily determined by their orientation toward values rooted in historical memory and cultural traditions. Moreover, the concepts of «education», «language», and «unity» contribute to the recognition of their own «national self» and enhance competitiveness in the global context. The value paradigm of the program strengthens civic responsibility, fosters social cohesion, and reinforces national integrity, thus serving as an effective pedagogical tool.