АЗЫҚ - ТҮЛІК БЕЛДЕУІ ҮДЕРІСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ – ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jgem20257837
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде аумақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жаһандық сипаттағы негізгі проблемалардың біріне айнала отырып, өзектілігін арттыруда. Ауыл шаруашылығы – халықты азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз ететін ұлттық экономиканың базалық саласы, сондай-ақ жекелеген өңірлер дамуының маңызды факторы болып табылады. Мақалада азық-түлік белдеуін зерттеудің теориялық негіздері шетелдік және отандық ғылыми зерттеушілердің еңбектері, қалыптастыру мен дамытудың бастапқы шарттары берілген. Сондай-ақ кеңістіктік дамудың әртүрлі теориялары жүйелі түрде қарастырылады, олардың заңдылықтары мен ерекшеліктері зерттеледі. Талдау жүргізу нәтижесінде азық - түлік белдеуі ұғымын негіздеген авторлардың пікірлері жинақталып берілген. Ауыл шаруашылығының аумақтық құрылымын географиялық зерттеудің бағыттарымен қатар, мақалада ауыл шаруашылығын зерттеудің жаңа географиялық әдістерінің қалыптасуы да қарастырылады. «Қала маңы ауыл шаруашылығы» ұғымының теориялық – әдіснамалық және қолданбалы мәселесімен мағынасын анықтау мақсатында шетелдік және отандық авторлардың көзқарастарына жан-жақты талдау жасалған.