АГРОЛАНДШАФТТАРДЫҢ КЕҢІСТІКТІК-УАҚЫТТЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРІН ГЕОЖҮЙЕЛІК ТҰРҒЫДАН ТАЛДАУ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jgem20257833
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Климаттың жаһандық өзгерістері мен гидрометеорологиялық жағдайлардың тұрақсыздығы аймақтардың ауыл шаруашылығының дамуы мен өнімділігіне тікелей әсер етуде. Осыған байланысты агроландшафттардың физикалық-географиялық жағдайын геожүйелік тұрғыдан бағалау, сондай-ақ олардың өсімдік жамылғысы мен топырақ ылғалдылығының кеңістіктік және маусымдық өзгерістерін қашықтықтан зондтау деректері негізінде зерделеу – бүгінгі күннің өзекті ғылыми міндеттерінің бірі болып табылады. Зерттеу нысаны ретінде Алматы облысы, Ұйғыр ауданы аумағындағы Шарын өзенінің атыраулық жазығында орналасқан агроландшафттар алынды. Ғылыми жұмыстың мақсаты – Sentinel-2 спутниктік деректері мен EOSDA платформасының аналитикалық модульдерін пайдалана отырып, NDVI және NDWI индекстері негізінде агроландшафтардың кеңістіктік-уақыттық динамикасын бақылау және геожүйелік талдау жүргізу. Дереккөз ретінде Sentinel-2 спутниктік кескіндері, ЖЦВК (жылдық циклдің вегетациялық кезеңі) көрсеткіштері бойынша климаттық параметрлер пайдаланылды. Спутниктік деректер Gram-Schmidt алгоритміне негізделген pansharpening әдісі арқылы өңделіп, мультиспектралды кескіндердің кеңістіктік айқындылығы арттырылды. Зерттеу нәтижелері өсімдік жамылғысының тығыздығы мен топырақ ылғалдылығының маусымдық өзгерістерін бағалауға, сондай-ақ агроландшафттық жүйелердің экологиялық жағдайын кешенді түрде түсінуге мүмкіндік береді. Бұл тәсіл жер ресурстарын басқару, ауыл шаруашылығын жоспарлау және геоақпараттық мониторинг жүйелерін жетілдіру тұрғысынан ғылыми әрі қолданбалы маңызға ие.