Аңдатпа
Мақалада металдарды қысыммен өңдеу (МҚӨ) үрдістерін әзірлеуде және талап етілетін жабдықтарды таңдауда деформацияланатын дененің түйіскен бетінде нормальді кернеулердің таралуын анықтау және талап етілетін жабдықтарды таңдау үшін шекті айырмашылық әдісі қолдануы қарастырылды. Отырғызу үрдісі кезінде нормальді кернеулердің таралуын анықтауда дифференциалдық тепе-теңдік теңдеулерімен және пластикалық шартың біріктіріп жуықтап шешу әдісімен қоса шекті айырмашылық әдісі (ШАӘ) қолданды. Шекті айырмашылық әдісі арқылы дифференциалдық теңдеулерінің шешімін алғанда теңдеуді шекті айырмашылық түріне келтірілген жеткілікті. Сонда кернеулердің мәндерін тізбектеп есептеп жеңіл анықтауға болады, күрделі математикалық интегралдау және дифференциялау тәсілдерін қолданбай. Осы екі әдіспен немесе дифференциалдық тепе-теңдік теңдеулерімен және пластикалық шарты біріктіріп жуықтап шешу және ШАӘ арқылы алынған нәтижелерінің айырмашылығы өте аз және 1-2 % аспайды. Сондықтан осы екі әдісті МҚӨ үрдістерінің күш-энергия параметрлерін анықтауда тең құқықты қолдануға болады.