Аңдатпа
Бұл зерттеу жасанды интеллект (ЖИ) негізіндегі модельдердің, атап айтқанда ChatGPT-нің қауіпсіздікке төнетін қатерлерін және оларға қарсы тұру әдістерін әзірлеуге бағытталған. ChatGPT сияқты тілдік модельдердің кең қолданылуы кибершабуылдарда, дезинформация таратуда және этикалық мәселелерде олардың әлеуетті қауіптілігін арттырды. Зерттеуде шабуыл түрлері талданып, оларды анықтау және алдын алуға бағытталған стратегиялар ұсынылды. Негізгі әдістерге машиналық оқыту алгоритмдері, деректерді шифрлау және этикалық реттеу кіреді. Зерттеу нәтижелері ЖИ технологияларының қауіпсіз қолданылуын қамтамасыз ету үшін техникалық және заңнамалық шаралардың маңыздылығын көрсетеді.