МИКРОГЭС-КЕ АРНАЛҒАН СИНХРОНДЫ ГЕНЕРАТОРДЫ ДИАГНОСТИКАЛАУ КЕШЕНІН ӘЗІРЛЕУ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53002/073
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада электр машинасының электромагниттік күйін талдау мәселелері математикалық модельдеу арқылы қарастырылады. Цифрлық модель үшін Ansys Electronics Desktop бағдарламасында жүзеге асырылған соңғы элементтер әдісі қолданылды. Синхронды генератордың геометриялық моделі жасалып, орамдардың аралық қысқа тұйықталуынимитациялау үшін орамдар бөлінісі орындалды, соңғы элементтерге жіктелді, материалдардың қасиеттері, тұрақты магниттің параметрлері және шекаралық шарттар берілді. Модельдеу нәтижесінде электромагниттік үйлесімділікті бағалау үшін фазалық токтардың графиктері мен гармоникалық спектрлері алынды. Зерттеу барысында сыртқы тізбектің токтары мен ЭҚК-сі бойынша қысқа тұйықталудың апаттық режимін сенімді анықтау мүмкін еместігі айқындалды. Бұл жаңа диагностикалық әдістемелерді әзірлеу қажеттігінрастайды.