ҚР ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНКТЕРІНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІН ТАЛДАУ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/3078-8579.2025.85.3.002
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің инновациялық қызметтері жан-жақты талданады. Зерттеудің мақсаты – банктік саладағы заманауи технологияларды қолдану деңгейін, олардың тиімділігін және қаржы жүйесіне ықпалын анықтау. Инновациялық қызметтерге интернет және мобильді банкинг, цифрлық төлем жүйелері, биометрикалық аутентификация, жасанды интеллект негізіндегі қызметтер және блокчейн технологияларын енгізу жатады. Қаржы секторы – экономиканың маңызды бөлігі болып табылады, ал банк жүйесінің тұрақты дамуы мен жаңаруы елдің қаржылық қауіпсіздігі мен халыққа көрсетілетін қызмет сапасына тікелей әсер етеді. Заманауи технологиялардың дамуына байланысты банктердің дәстүрлі қызметтері өзгеріп, жаңа инновациялық өнімдер мен қызмет түрлері пайда болуда. Атап айтқанда, мобильді банкинг, онлайн төлем жүйелері, цифрлық банкинг платформалары, жасанды интеллектке негізделген қызметтер және биометриялық сәйкестендіру жүйелері кеңінен енгізілуде. Мақалада отандық банктердің инновациялық даму үдерісі, шетелдік тәжірибемен салыстыру, сондай-ақ бұл қызметтердің клиенттер мен банк жүйесі үшін артықшылықтары мен мәселелері қарастырылады. Зерттеу нәтижелері бойынша екінші деңгейдегі банктердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда инновацияның маңызы зор екені анықталды. Сонымен қатар, цифрлық трансформацияны одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.