ҰЙЫМНЫҢ ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ: ТЕОРИЯ МЕН ТӘЖІРИБЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/3078-8579.2025.85.3.001
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада ұйымның қаржы ресурстарын басқару мәселелері теориялық және практикалық тұрғыдан жан-жақты зерттеледі. Қаржы ресурстарының мәні, мазмұны, құрылымы, түрлері мен қалыптасу көздері әртүрлі экономист-ғалымдардың тұжырымдамалары негізінде салыстырмалы түрде талданып, олардың ұйым қызметіндегі маңызы ашылады. Автор қаржы ресурстарының тек табыс көзі ғана емес, сонымен қатар стратегиялық басқару құралы ретіндегі рөлін айқындайды. Мақалада қаржы ресурстарын басқару тәжірибесі мен ерекшеліктеріне назар аударылып, қазіргі нарықтық жағдайда оларды тиімді пайдаланудың өзекті тәсілдері ұсынылады. Сондай-ақ қаржы ресурстарының тиімділігін арттыруға бағытталған жоспарлау, болжау, бақылау және қайта бөлу құралдары қарастырылады. Зерттеу нәтижелері ұйымның қаржылық тұрақтылығын нығайтуға, инвестициялық белсенділігін күшейтуге және жалпы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізеді. Бұл мақала қаржы менеджменті саласында ғылыми негізделген шешімдер қабылдау үшін теориялық база мен практикалық ұсыныстарды ұсынатын маңызды зерттеу жұмысы болып табылады. Ол болашақ зерттеулерге де негіз бола алады.