ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/3078-8579.2025.85.3.005
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Шағын және орта кәсіпкерлік қазіргі нарықтық экономиканың маңызды элементі болып келеді. Ол жұмыс орындарын ашуға, инновацияларды ынталандыруға, экономикалық жүйенің икемділігі мен бейімділігіне әсер етеді. Әлемнің көптеген елдерінде шағын және орта кәсіпкерлік жалпы ішкі өнімнің едәуір бөлігін қалыптастырып, әлеуметтік тұрақтылық пен аймақтық дамуда шешуші рөл атқарады. Жаһандану мен тез өзгеріп отыратын экономикалық ортада шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға ерекше назар аудару қажет. Ел экономикасындағы шағын және орта кәсіпкерлік келесідей факторлармен анықталады: нарықтың экономиканың жалпы субъектілерінің арасында шағын кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлердің саны, ЖІӨ құрамындағы шағын кәсіпорындардың қосатын үлесі, бюджетті қалыптастырудағы үлесі, шағын кәсіпорындарда жұмыспен қамтылған еңбекке жарамды халық саны, жұмыссыздықты азайтуға қосқан үлесі, тұтыну тауарларымен нарықты қанықтыру. Мақалада Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерліктің даму мәселелері қарастырылған.