Цифрлық дәуірдегі жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғауды құқықтық реттеу

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6181.2025.81.3.007
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қоғам дамуының қазіргі кезеңі барлық ӛмірлік қызмет салаларын,соның ішінде еңбек қатынастарын да қамтитын жедел цифрландыру үдерісімен сипатталады. Цифрлық экономика жағдайында қашықтықтан жұмыс істеу, гибридті жұмыспен қамту, фриланс, платформалық жұмыс және «гиг-экономиканың» ӛзге де нысандары тәрізді жаңа жұмыспен қамту түрлері қалыптасуда. Аталған үдерістер бір жағынан жұмыскерлер мен жұмыс берушілер үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, еңбек нарығының икемділігі мен қолжетімділігін арттырса, екінші жағынан еңбек құқықтарын қамтамасыз ету мен қорғауға қатысты бірқатар күрделі мәселелерді туындатады. Цифрлық платформа жұмыскерлерінің құықтық мәртебесінің айқын болмауы, әлеуметтік кепілдіктерге шектеулі қолжетімділік, еңбекті алгоритімдік басқару кезінде кемсітушілік қаупі мен дербес деректердің құпиялылығына тӛнетін қауіп-қатерлер құқықтық реттеу үшін жаңа сын-тегеуріндер қалыптастырады.Зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жаңа цифрлық шындықтарға бейімдеу қажеттігін кӛрсетеді. Атап айтқанда, цифрлық платформалар жұмыскер-лерінің мәртебесін нормативтік тұрғыда бекіту, электрондық еңбек шарттары институтын дамыту, алгоритмдік бақылаудың айқындығына құқықтық кепілдіктер енгізу, сондай-ақ жұмыспен қамтылу нысанына қарамастан әлеуметтік қорғауды кеңейту талап етіледі.Қорытындылар құқықтық реттеу әділеттілік және технологиялық бейтараптық қағидаттар-дың икемділігіне негізделуі тиіс екенін айқындайды. Сонымен қатар цифрлық құқықтануды дамыту, еңбек дауларын шешудің электрондық сервистерін енгізу және халықаралық стандарт-тарды интеграциялау цифрлық дәуірдегі жұмыскерлердің құқықтарын қорғаудың негізгі құралы бола алады.