Өкілетті заңнама билік тармақтарының өзара әрекеттесу нысаны ретінде: құқықтық реттеудің қазіргі үрдістері мен сын-қатерлері

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6181.2025.81.3.002
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Зерттеу Қазақстан Республикасындағы өкілетті заңнама институтының құқықтық негіздері мен іске асыру тетіктерін жан-жақты талдауға арналған. Өкілетті заңнама ұғымына теориялық көзқарастар қарастырылып, оның атқарушы биліктің құқықшығармашылық процесіне ерекше түрде қатысуының мәні ашылады. 2022 жылғы конституциялық реформадан кейін үкіметке заң күші бар уақытша нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құқығы берілді. Мақалада өкілетті заңнаманың парламенттің заң шығару функциясын уақытша алмастыратын атқарушы биліктің құқықшығармашылық қызметінің ерекше түрі ретінде қарастыратын доктриналық көзқарастар сараланады. Қазақстандағы осы институтты реттейтін конституциялық және заңнамалық нормалар талданып, уақытша актілердің қолданылу мерзімдері мен негіздерінің нақты көрсетілмеуі, парламенттік есептіліктің әлсіздігі, Конституция нормалары арасындағы қайшылықтар сияқты тұжырымдамалық және рәсімдік олқылықтар айқындалды. Салыстырмалы-құқықтық талдау бұл институттың Франция, Германия, Ұлыбритания, Италия және басқа елдердегі тұрақты институционалдануымен салыстыруға мүмкіндік берді. Ерекше назар атқарушы биліктің шұғыл жағдайларға тиімді жауап беруі мен билік тармақтарының бөлінісі қағидатын сақтау арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ететін құқықтық тетіктердің қажеттілігіне аударылады. Мақалада осы институтты заңнамалық жетілдіруге қатысты ұсыныстар да қамтылған. Зерттеу нәтижелері заңнама және мемлекеттік басқару саласындағы ғалымдар мен практиктер үшін пайдалы болуы мүмкін.