СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ЖЕТІЛДІРУДЕГІ МЮЗИКЛДІҢ РӨЛІ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59102/pedagogical/2025/iss3pp57-66
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазіргі білім беру кеңістігінде студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға көп көңіл бөлінуде. Шығармашылық өз мүмкіндіктерін көрсете алуда ғана емес, сонымен бірге адамның жеке тұлғалық қалыптасуында, өзгермелі жағдайларға бейімделуінде және өмірдің түрлі салаларында жетістікке жетуінде маңызды рөл атқарады. Осындай тұрғыдан алғанда, мюзикл өнер түрі ретінде студенттердің шығармашылық әлеуетін анықтау мен дамытудың тиімді құралы десек, артық айтқандық емес. Бұл еңбектің мақсаты - студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту процесінде мюзиклдің рөлін талдап, анықтау, психологиялық және педагогикалық аспектілеріне ой жүгірту әрі оның студенттердің жеке тұлға ретінде әрі кәсіби қалыптасуындағы әсерін бағалау. Мюзиклдің пайда болу көздеріне, қазіргі кездегі мюзиклдердің өзекті тұстарына, оқыту ерекшеліктеріне, сондай-ақ эстрадалық вокал сабақтарында игерілуі қажет техникалық талаптарға ерекше назар аударылады. Мюзикл жанрын зерделеу барысында орындаудың үш негізгі техникасы қарастырылады - белтинг (белтинг), сөйлеу позициясында ән айту (speech level singing) және леджит (legit). Зерттеудің өзектілігіне, объектісіне, мақсатына сәйкес мынадай міндеттер қойылды: мюзикл жанрының қалыптасу және даму тарихын зерделеу; эстрадалық вокал сыныбында вокалдық дайындықтың ерекшелігін анықтау; қолда бар педагогикалық әдебиетке сүйене отырып, балтинг, сөйлеу позициясында ән айту, леджит ұғымдарына талдау жүргізу. Зерттеу нәтижелері мюзиклді білім беру тәжірибесіне біріктіру студенттердің оқу және қабілеттерін дамыту әдістеріне маңызды қосымша болуы мүмкін екенін айғақтайды. Бұл мюзиклдің шығармашылық қабілеттерін, коммуникативті дағдыларын тәрбиелеу мен өзіне деген сенімділікті дамытуға оң ықпалын тигізеді.