Аңдатпа
Бұл мақалада Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында шетел тілдерін инклюзивті оқытуды енгізудің қазіргі заманғы үрдістері мен негізгі бағыттары жан-жақты қарастырылады. Зерттеудің ғылыми және практикалық өзектілігі – жаһандану жағдайнда жіне үштілділік мемлекеттәк саясатын жүзеге асыру барысында ерекше бәләм беру қажеттіліктері (ЕБҚ) бар студенттердің сапалы білімге тең қолжетімділігін қамтамасыз етудің жүйелі тетіктерін құру қажеттілігімен байланысты. Жүргізілген зерттеу шеңберінде Қазақстанның нормативтік-құқықтық базасы, сондай-ақ жоғары оқу орындарындағы инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың отандық және шетелдік тәжәрибесі талданды. Шетел тілдерін оқыту үрдісінде инклюзивті тәжірибелерді енгізуге кедергі келтіретін бірқатар негізгі мәселелер анықталды. Оладың қатарына мыналар жатады: оқытушылардың дайындық деңгейінің жеткіліксіздігі, бейімделген оқу-әдістемелік материалдардың тапшылығы, инфрақұрылымдық және цифрлық ресурстардың әлсіздігі, сондай-ақ ЕБҚ бар студенттердің академиялық ұтқырлық мүмкіндіктерінің шектеулілігі. Мақалада инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар берілді: педагогтарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін дамыту, цифрлық технологияларды кеңінен енгізу, жоғары оқу орындарында арнайы қолдау қызметтерін құру және студенттердің жеке ерекшеліктерін ескеретін оқу бағдарламасын бейімдеу. Авторлар ЕБҚ студенттердің когнитивтік, сенсорлық және әлеуметтік қажеттіліктерін ескеретін бейімделген әдістемелерді әзірлеуге бағытталған ғылыми зерттеулерді жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.