ЭЛЕКТРОНДЫҚ ИЕРАРХИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАР НЕГІЗІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ МОДЕЛІ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5894.2025.91.3.023
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада білім беруді цифрландыру бастауыш сынып оқушыларына арналған информатика курсының мазмұнын ұйымдастыруда жүйелі көзқарасты талап ететіні көрсетіледі. Осы тұрғыда педагогикалық тұрғыдан негізделген, электрондық иерархиялық құрылымдарға негізделген оқыту моделін құру –өзекті міндеттердің бірі болып отыр. Зерттеу мақсаты –бастауыш сынып оқушыларының когнитивтік ерекшеліктерін ескере отырып, оқу материалын құрылымдалған, бейімделетін және көрнекі түрде ұсынуға мүмкіндік беретін авторлық оқыту моделін әзірлеу. Зерттеу барысында информатика пәнін оқытудың отандық және халықаралық тәжірибесі талданып, В.В. Гриншкун моделінің тұжырымдамалық негіздері Блум таксономиясы деңгейлерімен салыстырылды, сондай-ақ компьютерлік модельдеу мен есептеу эксперименті әдістері қолданылды. Бұдан кейін жаңадан жасалған ақпараттық интеграторда жүзеге асырылған үш деңгейлі авторлық оқыту моделі ұсынылды. Модельдің Блум таксономиясы негізінде адекваттылығын тексеру және есептеу экспериментінің нәтижелері құрылымның когнитивтік тұтастығын, педагогикалық мақсатқа сәйкестігін және бейімделгіштігін растады. Бастауыш мектепте информатиканы оқыту үдерісін оңтайландыруда электрондық иерархиялық құрылымдарды пайдаланудың тиімділігі дәлелденді. Болашақта модельді цифрлық платформалар мен жасанды интеллект негізінде дамыту перспективалары қарастырылуда.