КРИПТОГРАФИЯЛЫҚ КІЛТТЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ЖӘНЕ САНДЫҚ ҚОЛТАҢБАНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ЗАМАНУИ ТӘСІЛДЕРІ БОЙЫНША МӘСЕЛЕЛЕРІ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5894.2025.91.3.019
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада кілттерді басқару мен сандық қолтаңбаның бар мәселелерін талдау нәтижелері берілген, сонымен қатар модификацияланған Шнорр схемасының алгоритмі әзірленіп, сипатталған. Криптографиялық жүйелерде кілттерді басқарудың және сандық қолтаңбаның дәстүрліемес алгоритмдерін жасауда криптографиялық процедуралардың сенімділігі мен тиімділігін арттыруға позициялық емес полиномды санау жүйесін қолдану айтарлықтай мүмкіндік беретінін дәлелдей отырып PGP тәріздес жүйесін құру ұсынылған. Бұл жүйеде кілттердің өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде кілт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, сенім рөлін барынша азайтатын, кілттерді басқару жұмысын автоматтандыратын шешім қажет. Осы мақсатта криптографиялық алгоритмдерді қолдану ғана емес, сонымен қатар шифрлау кілттерін тиімді басқару маңызды болып табылады. Теориялық маңыздылығы схеманың тұрақтылығын негіздеуде, ал практикалық маңыздылығы тиімді және масштабталатын криптографиялық жүйелерді құру үшін қолдану мүмкіндігінде жатыр, сондай ақ кванттық шабуылдарға қарсы қорғанысты күшейту мақсатында ұсынылған тәсілдің әлеуетін көрсетеді.