Аңдатпа
Мақалада негізгі басқару жүйесінің бағдарламалық көпбейненің орнықтылығы қарастырылады. Басқару жүйесі бағдарламалық көпбейненің орнықтылық қасиеттерін зерттеу үшін салыстыру жүйесі құрылған. Автономды және автономды емес жүйелер үшін Ляпунов функциясын құрастырамыз. Ляпунов функциясы арқылы берілген функцияға қатысты бағдарламалық көпбейненің абсолютті және асимптотикалық орнықтылығының жеткілікті шарттары алынған. Көмекші салыстыру жүйелерінің кеңістіктегі қалпы берілген жүйе кеңістігіндегі бейнелеуге негізделген. Бұл әдістер түрлі теориялық, қолданбалы есептерді қарастырады. Сондай-ақ кеңістіктегі көпбейненің динамикалық қасиеттерін зерттеу үшін кеңінен қолданылады. Салыстыру жүйелерін зерттеуге дифференциалдық теңдеулер қолднылады. Қарастырылып отырған теңдеулер жүйесінің ретін төмендету -салыстыру әдісінің негізгі артықшылығын көрсетеді. Автоматты басқару жүйелерінің бағдарламалық көптүрлілігінің орнықтылығын зерттейміз. Бағдарламалық көптүрліліктің орнықтылығы үшін жеткілікті шарттарды матрицалық салыстыру теңдеулерінен аламыз.