ҚАЗАҚСТАН КӘСІБИ МЮЗИКЛ ТЕАТР ӨНЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.47940/cajas.v10i1.955
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Қазақстандағы театр мюзиклі жанрының әлемдік тәжірибе негізінде қалыптасу бағыттары қарастырылады. Мюзикл – эстрада, хореография, драма және опера өнерінің элементтерін біріктіретін, күрделі драмалық міндеттерді оңай қабылданатын көркем құралдар арқылы шешуге қабілетті музыкалық-саханалық қойылым. Қазақстандағы жанрдың алғашқы қарлығашы ретінде Болат Атабаевтың «Қыз Жібек» қойылымын атауға болады. Әлемде болса, Шекспир мен Сервантес сияқты классиктердің шығармаларын мюзикл форматына бейімдеу дәстүрі қалыптасқан. Зерттеу мақсаты – Қазақстанның мәдени кеңістігінде мюзикл жанрының өзектілігін анықтау және оны ұлттық мәдени дамудың құрамдас бөлігі ретінде қарастыру, сондай-ақ осы жанр аясындағы актерлік өнердің ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан зерделеу. Авторлар қазақ театрларындағы сахналық мюзиклдің бастаулары мен даму жолдарын зерттеудің, сондай-ақ жанрды әлемдік деңгейге сай мазмұнды және жаңашыл тәсілмен байытудың маңыздылығын атап көрсетеді. Мақалада кинорежиссерлердің кәсіби шығармашылық қызметіне салыстырмалы талдау жасалып, ондағы музыкалық құбылыстарға негізделген театр элементтерін қолдану аясы кеңінен қарастырылған. Абзал Мұхитдинов, Ержан Дәутов сияқты қазақстандық өнер қайраткерлерінің көпұлтты хор, кордебалет, жеке әншілер және симфониялық оркестр арқылы жанрды бейімдеуге қосқан елеулі үлесі ерекше атап өтіледі. Мақалада АҚШ пен Ресейде классикалық әдебиет шығармалары негізінде мюзиклдер жасаудың әлемдік тәжірибесі келтіріледі, мысалы, өткен ғасырдың 30-шы жылдарында Исаак Дунаевский мен Григорий Александров ресейлік менталитетті голливуд сюжеттерімен және джаз элементтерімен үйлестірген. Зерттеушілер Ольга-Лиза Монд, Эвальд Кампус, Валентина Конен, Тамара Кудинова, Татьяна Шабалина, Дарья Буданова, Еслям Нұртазин сынды ғалымдардың әлемдік және ұлттық мюзикл жанрының тарихи даму жолдары мен қалыптасуын зерттеген еңбектеріне ғылыми-теориялық талдауға басты назар аударылған. Зерттеуде теориялық-әдіснамалық, тарихи-этнографиялық, кино және өнертанулық, салыстырмалы-талдамалық, режиссерлік-сараптамалық, сондай-ақ эмпирикалық әдістер қолданылды. Ғылыми мақаланың нәтижелері отандық және әлемдік деңгейдегі өнертанушыларға, жас зерттеушілерге және қазақстандық кәсіби мюзикл театры мектебінің қалыптасу жолдарын зерттейтін кинотану саласының мамандарына арналады.