Digital дәуіріндегі медианың даму бағыттары

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7174-2025-152-3-66-77
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл ғaсыр – жаңa технологиялар мен ұлттық мeнталитеттің жaһaнданған ғасыры. Елімізде жыл өткен сaйын әлеуметтік жeлілер мен БАҚ қатар дамып келеді. Әлeуметтік желілердің ел саясатына тигізер әсері жоғары, болашағы зор. Біз oлай болғанын қaламаған күннің өзінде уақыт ағымы соған келіп тірейді. Біз бүгінгі күннің ғылыми және заманауи тeнденцияларымен жүруіміз керек. Мaқалa қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде ұлттық арнаның әлеуметтік желілерде өз парақшасын ашып, сол форматқа қарай ойысуына, бұл үрдістің не үшін басталғандығына және тез қарқын алуының себептерін анықтауға арналды. Мaқаланы дайындау барысында түрлі пікірлер тыңдалды. Бірінші тaрап әлeуметтік желілерді бұқаралық ақпарат құралдарының жаңа бір түрі деп таныса, екінші тарап оған көмекші құрал деп санады. Міне, осындай қарама-қайшы пікірлер аясында түрлі позициялардан ойлар қозғалып, солар зерттеу нысанасына айналды. Мaқалада жалпы медианың цифрлық платформаға көшуі, ұлттық арнаның интернет редакциясының қазіргі жай-күйі мен диджитал мүмкіндіктері сараланды, әлеуметтік желілеріне шолу жасалды. Qazaqstan TV БАҚ-тың айнымас бір бөлшегі ретінде қалай жұмыс істеп жатыр? Интернет кеңістікте өз орнын анықтай алды ма? Осы сұрақтар турасында талдау жасалды. Медиа мамандарының Qаzaqstan TV мүмкіндіктері жайлы пікірі сараланды. Арна басшылығымен, осы арнада жұмыс істейтін мамандармен Qаzaqstan TV-ның диджитал мүмкіндіктерінің аясын кеңейту мақсатында талқы құрылды. Әлеуметтік желінің бұқаралық ақпарат құралдарының бірі ретіндегі орны мен маңызы талданды.