Цифрлық медиа дәуірінде жаңа технологиялардың журналистикаға әсері

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7174-2025-152-3-114-123
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Журналистика – қоғамның қоғамның даму процесінде маңы- зды рөл атқаратын әлеуметтік институт. Бүгінде цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы, жетілуі бұл саланы жаңа деңгейге көтерді. Соңғы онжылдықта дәстүрлі журналистика, оның ішінде ақпарат тарату тәсілі мен форматы түбегейлі өзгеріп, трансформацияланды. Заманауи технологиялар, оның ішінде жасанды интеллект (ЖИ), әлеуметтік желілер медиа саласына жаңа, тың серпін берді. Бүгінде журналистиканың қызметі тек аудиторияға хабар беру ғана емес, мультимедиялық форматта визуалды ақпарат ұсыну міндетін атқарады. Кез келген газет, телеарна, радио өзінің әлеуметтік желідегі парақшасын белсенді жүргізіп, аудиториямен байланыс орнатуда. Бұл тенденция аудиториямен байланыс орнатуды оңтайландырғаны анық. Тек журналистика саласында ғана емес, қоғаммен байланыс бағытында да түрлі мекеме осы әдісті қолданады. Цифрлық журналистика дәстүрлі медианың логикасын, мазмұнын, форматын, пішінін өзгертті. Журналистерге тек мәтін жазу ғана емес, мультимедиялық контент ұсыну, видео өңдеу, әлеуметтік желілерде жедел, қысқа ақпарат жариялау, аудиториямен тікелей байланыс орнату аса маңызды. Бүгінде TikTok, Instagram, Telegram, LinkedIn сияқты платформалар жаңалық таратуда маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар мобильді журналистика (MOJO) бүгінде медиа саласында өзекті. Журналистер бір ғана құрылғы арқылы жаңалық дайындап, монтаждап, аудиторияға лайықтап ұсына алады. Дегенмен этика мен ақпарат шынайылығына қатысты жаңа сұрақтарды көтеріп отыр. Жасанды интеллектің ақпарат құралдарының қызметіне араласуы, аудиториямен байланыс тәсілі өзгеруі медиа саласына жаңа реформалар әкелді. Бүгінде заманауи технологиялардың журналистика саласына тигізген ықпалы қарқынды зерттеліп жатыр. Мақалада жаңа тенденция заманында журналистиканың болашақта дамитын бағытына да талдау жасалған.