ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЭЛЕМЕНТТЕРІ БАР БІЛІМ БЕРУ ПЛАТФОРМАСЫ АРХИТЕКТУРАСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48081/tjry6707
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Заманауи білім беру кеңістігінде жасанды интеллект элементтері бар білім беру платформалары оқытудың сапасын жекелендіру мен жақсартуда шешуші рөл атқарады. Бұл мақалада білім беру процесінде жасанды интеллект қолданатын білім беру платформасы архитектурасының тиімділігін бағалау әдістемесі талқыланады. Мұндай шешімдерді сәтті жүзеге асыруға әсер ететін негізгі параметрлер, соның ішінде жүйенің бейімделу қабілеті, пайдаланушылармен өзара әрекеттесу, мазмұнды жекелендіру деңгейі және аналитикалық мүмкіндіктер талданады. Зерттеуде талдау, жобалау, модельдеу және эксперименттік тестілеу әдістері қолданылып, нәтижелері шығарылды. Талдау әдісі қолданыстағы білім беру платформаларын зерттеу және олардың тиімділігіне әсер ететін негізгі факторларды анықтау үшін қолданылады. Жобалау әдісі жасанды интеллект интеграциясы бар білім беру платформасының архитектуралық моделін жасауға мүмкіндік береді. Модельдеу әртүрлі пайдалану сценарийлерінде жүйенің өнімділігін бағалау үшін пайдаланылады, ал эксперименталды тестілеу жиналған деректер негізінде оның тиімділігін эмпирикалық түрде тексеру үшін қолданылады. Алынған нәтижелер жасанды интеллектіні білім беру орталарында пайдаланудың маңыздылығын растайды және оқытушылар, білім алуышлар, білім беру технологияларын әзірлеушілер мен цифрлық оқытуды зерттеушілер үшін пайдалы болуы айдан анық. Кілтті сөздер: білім беру процесі, білім беру платформасы, оқыту, студент, жасанды интеллект.