Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі лауазым атауларының шығу тегі

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph2025199311
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Көне түркі жазба ескерткіштерінде кездесетін лауазым атаулары ортағасырлық түркі мемлекеттерінің әкімшілік құрылымынан, саяси жағдайынан хабар береді. Лауазым атаулары түркі халықтарының тарихы, әдебиеті туралы жазылған ғылыми еңбектерде талданғанымен, лауазым атауларының этимологиясы, жасалу жолы, қазіргі түркі тілдерінде сақталуы – зерттеуді қажет ететін өзекті тақырып. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі лауазым атауларын жүйелеп, олардың шығу тегі мен жасалу жолын анықтау жұмыстың мақсаты ретінде алынды. Түркітанушы ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалып, жазба мұралардағы лауазымдарды жүйелеу жолдары сараланды. Орхон бойынан табылған Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк, Күлічор, Мойынчор, Онгин сияқты көлемді жазба ескерткіштер мен Енисей бойынан табылған эпитафиялық ескерткіштер басты дереккөз ретінде алынып, мәтіндерде кездесетін жоғары, әкімшілік және әскери лауазымдар талданады. Жұмыс барысында атаулардың мағыналық қыры талданып, мәтіндегі қолданысына назар аударылды. Жазба ескерткіштерінде кездесетін qaγan, qan, šad, tägin, tarhan, bäg сияқты лауазым атауларының этимологиясы туралы пікірлер жүйеленіп, Орхон және Енисей бойындағы ескерткіштерде кездесу жиілігі анықталды. Зерттеу жұмысының нәтижелерін көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі, көне қазақ тілі, қазақ тілінің тарихи грамматикасы сияқты курстардың семинар сабақтарында пайдалануға болады, ортағасырлық мемлекеттердің басқару жүйесіне байланысты зерттеулерде қолдануға болады. Түйін сөздер: Орхон ескерткіштері, лауазым атаулары, қаған, бек, көк түріктердің басқару жүйесі.