Ә. Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романындағы субалтерндік

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph2025199316
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Зерттеу жазушы Ә. Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романындағы постколониялдық сарын, соның ішінде субалтерндік мәселесін жан-жақты қарастыруды мақсат еткендіктен, орталық-периферия қатынасы негізгі бағыт етіп алынды. Егемендіктің нәтижесінде шығармада авторлық позиция тұрғысынан берілген отарлық империяның жергілікті халыққа деген қатынасы, субалтерндігі нақты мысалдар арқылы ашық талданады. Ғылыми зерттеудің басты идеясы – жазушының субалтернді субьект деңгейіне көтерген зияткерлік парызы болғанын айқындау. Жұмыстың ғылыми маңызы ретінде постколониализм ұғымын құрайтын субалтерндік, орталық-периферия қатынасы, ориентализм, еуроцентризм сынды өзекті мәселелердің жүйелі түрде зерттеу нысанына алынуы болса; экологиялық сана мәселесінің адам тағдырымен байланыста қарастырылуы практикалық маңыздылығын құрайды. Зерттеуде қолдан жасалған құндылықтарды айқындау мақсатында қолданылған герменевтикалық, желілік талдау, жинақтау әдістері арқылы бірқатар бинарлық оппозиция анықталады. Қол жеткізген негізгі нәтиже ретінде Э.Саид, Г.Ч.Спивак, С.Камерон, Э.Шац, Дж.Макнейл сынды ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, аталған романның постколониялық контексте талдануын, адам мен табиғат экологиясы маңызды аспект ретінде дәлелденуін айтуға болады. Авторлардың бүгінге дейін еуроцентристік тұжырымдама негізінде көшпелілерге телінген негатив парадигмаларды анықтап беруі жұмыстың құндылығын арттыра түседі. Әрі алдағы уақытта постколониализм, әлеуметтану саласына белгілі бір деңгейде өз үлесін қосады. Түйін сөздер: орталық-периферия, билік қатынасы,ориентализм, субалтерндік.