Медианың Қазақстандағы отбасылық құндылықтарға әсері

Herald of journalism, 2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/hj20257736
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл зерттеу мақаласы Қазақстандағы отбасылық құндылықтарға медианың әсерін талдайды. Зерттеу медианың, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарының отбасы институтына ықпалын, оның ішінде некеге, гендерлік рөлдерге және отбасы мүшелерінің бірлесіп уақыт өткізуі секілді құндылықтарға әсерін қарастыруды мақсат етеді. Медианың дәстүрлі отбасылық құндылықтарға әсерін ғылыми тұрғыдан пайымдау сол саладағы түйткілдердің себеп-салдарын бағамдауға ықпалдасады. Аталған тақырыпты барынша ашып, түйінді пайым жасау үшін ғылыми-эмпирикалық әдістер арқылы салыстырмалы көрнекі кестелер дайындалған. Медиа арқылы таралатын ақпараттың отбасыға деген көзқарасты қалай өзгертетіні және оның жастар мен ересектер арасындағы айырмашылықтары ғылыми тұрғыдан сарапталып, негізгі сипаттары анықталған. Статистикалық деректер мен әлеуметтік зерттеулер негізінде қазақстандық отбасылар үшін маңызды факторлар айқындалады. Медиаконтенттің отбасылық құндылықтарға психологиялық ықпалы қарастырылып, оның әлеуметтену процесіндегі рөлі де сараланады. Ғылыми мақаладағы тұжырымдар журналистика, коммуникация, қоғаммен байланыс, психология сондай-ақ әлеуметтану, саясаттану, құқықтану бағытында білім алушыларға аталған тақырып бойынша танымдық-теориялық тұрғыдан түсінік беруге көмектеседі. Сонымен қатар зерттеу мақаласы медианың отбасы құндылықтарына деген әсерін зерттеп-білгісі келетін басқа да сала мамандарына пайдалы болмақ.