Білім беру үшін нейрондық желілер: серпіліс пе, әлде қауіп пе?

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jes20258435
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада білім беру саласында жасанды интеллектіні (ЖИ) қолданудың өзекті мәселелері қарастырылады. Оның күшті және әлсіз жақтары, сондай-ақ технологияларды шебер пайдаланбау жағдайында оқыту процесінде туындауы мүмкін қатерлер мен қауіптер талданады. ЖИ-ді оқу үдерісіне енгізер алдында дайындық шараларын, атап айтқанда, педагогтердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету қажет екендігі атап өтіледі. Оқытушыларды ЖИ-мен дұрыс әрі жауапты жұмыс істеуге үйретудің маңызына ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, жаңа цифрлық шешімдерді білім беру жүйесіне енгізу барысында туындауы ықтимал кедергілер мен қиындықтар сипатталады. Білім беру мақсатында қолдануға ұсынылатын ең үздік жасанды интеллект желілері келтіріліп, олардың сипаттамасы беріледі. Мектеп пен жоғары оқу орындарында ЖИ қолдануға арналған оқу жоспарының үлгісі ұсынылады. Мақалада заманауи педагог өз пәнін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге цифрлық дәуір талаптарына бейімделе білуі тиіс екендігі баса айтылады. ЖИ – бұл білім беруді сапалырақ, қолжетімді және жекелендірілген етуге мүмкіндік беретін сын-қатер әрі мүмкіндік. Зерттеудің практикалық бөлігінде сауалнама жүргізіліп, оған 40 педагог қатысты: оның ішінде 20 мектеп мұғалімі және 20 жоғары оқу орындарының оқытушылары бар. Сауалнама нәтижелерін салыстыру негізінде мектеп мұғалімдері мен ЖОО оқытушыларына арналған біліктілікті арттыру бағдарламалары әзірленді. Әрбір бағдарлама 36 сағатқа есептелген. Түйін сөздер: цифрлық технологиялар, жасанды интеллект, нейрондық желілер, чат-боттар, оқу бағдарламасы.