«Саясаттану» курсының студенттердің саяси белсенділігіне әсері: білім беру әдістерін салыстырмалы талдау

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jes20258436
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақала саясаттану курсының бакалавриат студенттерінің саяси қызығушылығы мен саяси қатысуына әсерін зерттеуге арналған. Бұл мақаланың негізгі мақсаты – саясаттану курсын оқытудың неғұрлым тиімді және студенттердің саяси белсенділігі мен субъекттілігін арттыратын әдістерін салыстыру. Сондықтан авторлар студенттердің саяси ақпараттануы мен олардың саяси және азаматтық іс-әрекеттерге қатысуын, саяси тиімділік тұрғысынан өзін-өзі бағалауын, оқыту тәсілін қабылдауын және «Саясаттану» курсына қызығушылығын талдады. Осы мақсатта бақылау, оқу-әдістемелік материалдарды талдау, анкеталық сауалнама және фокус-топтық талқылау сияқты әдістер қолданылды. Авторлар сабақ барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер студенттердің саяси белсенділігіне әртүрлі әсер етеді деген қорытындыға келді. Қатысу мен саяси субъекттілікке, ең алдымен, симуляциялық және пікірталастық әдістер көбірек әсер етеді. Сонымен қатар, саяси қатысудың жаңа цифрлық формаларының дамуы барысында дәстүрлі дәрістерге қарағанда пікірталастар мен симуляциялар тиімдірек болып табылады. Тәжірибелік маңыздылығы - саясаттану бойынша оқу бағдарламалары мен әдістемелік материалдарды одан әрі жетілдіруде зерттеу қорытындыларын қолдану мүмкіндігінде. Аталмыш мақалада ұсынылған нәтижелерді білім беру бағдарламаларын өңдеуші оқытушылар жастардың саналы түрде саяси қатысуын ынталандыратын оқытудың тиімді стратегияларын таңдауда пайдалана алады. Түйін сөздер: саяси қатысу, студенттер, саясаттану, саяси белсенділік, педагогикалық әдістер.