БАҚ-тағы қазақстандық IT стартап - жобалар: инновациялық кәсіпкерлік және заманауи индустрия мәселелері

Herald of journalism, 2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/hj20257733
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазіргі таңда Қазақстанда IT стартап жобаларды дамыту мемлекеттік тұрғыда басым бағыттардың бірі ретінде қолға алынып отыр. Мақалада стартап жобалар туралы түсінік және оның қоғамдағы ел имиджін қалыптастыру кезеңдеріндегі БАҚ-тың рөлі зерттеледі. Еліміздің инновациялық даму жағдайында БАҚ жарияланымдарында Startup жобалар туралы идеялар жиі көрініс таба бастады. «Стартап» термині жаңадан пайда болған бизнес жобалар мен венчурлық индустрия саласының қарқынды дамуының әсерінен кәсіпкерліктің ерекше түрі ретінде пайда болды. Ал «стартап» түсінігі өндіріске ең алғаш 1970 жылы АҚШ-та енгізілді. Қазіргі таңда бизнес идеяларды іске асыру Қазақстанның инвестициялық құрылымын дамыту үшін қолданыс тауып келеді. Мемлекет бұған дейін «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бойынша жаһанданудың ішкі-сыртқы ықпалына жұтылып кетпеудің алдын алып отырды. Сондықтан қазіргі таңда бизнес-кластерлерді дайындау үшін халықаралық стандарттарға сәйкес стартаптардың экожүйесін құру маңызды болып отыр. Зерттеу мақаланың мақсаты – БАҚ-тағы кәсіпкерлікті дамытуға қажетті заманауи тенденциялар мен халықаралық IT жобаларды талдай отырып, оны еліміздің стратегиялық басты қадамдары негізінде жан-жақты қарастыру. Мақалада инновациялық стартап жобалар туралы жарыққа шыққан отандық және шетелдік зерттеушілердің ғылыми-теориялық еңбектері мен БАҚ жарияланымдарына ерекше назар аударылып, оның қоғамдағы маңызы көрсетіледі. Сондай-ақ зерттеуде «Қоғам және дәуір», «Түркістан», «Егемен Қазақстан», «Заң» т.б. тақырыпқа қатысты ғылыми-публицистикалық мақалалар жарияланған газет-журналдар қолданыс табады. Зерттеу жұмысы ғылыми-теориялық тұрғыда талдау, БАҚ жарияланымдарын жүйелеу, салыстыру, теориялық-эмпирикалық және интерпретациялау әдіс-тәсілдеріне негізделеді. Зерттеу жұмысының нәтижесінде қазақстандық БАҚ-тағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың инновациялық басты стратегиялық қадамдары көрсетіліп, оны IT стартаптар негізінде халықаралық дәрежеге дейін көтерудің еліміз үшін маңыздылығы айқындалды. Мақаланың ғылыми құндылығы БАҚ-тағы қазақстандық IT стартап жобалардың инновациялық кәсіпкерлік пен заманауи индустрия тұрғысында теориялық-тәжірибелік бағытта жан-жақты қарастырудан көрініс табады.