Цифрлық медиада иммерсивті журналистика интеграциясы: ерекшеліктері, мүмкіндіктері, артықшылықтары мен қиындықтары

Herald of journalism, 2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/hj202577311
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы ақпараттық кеңістікте иммерсивті медианың маңыздылығын елеулі түрде арттырды. Бұл зерттеудің негізгі мақсаты – иммерсивті технологиялардың (виртуалды шындық, толықтырылған шындық және аралас шындық) даму бағыттарын жан-жақты сараптап, олардың қоғамдағы медиатұтыну, шынайылықты қабылдау мен коммуникацияға әсерін талдау болып табылады. Зерттеу барысында салыстырмалы және мазмұндық талдау, кейс-стади әдістері, сондай-ақ визуалды талдаудың элементтері қолданылды. Автор, өз кезегінде, медиамәдениеттегі жаңа өзгерістерді, иммерсивті форматтардың кәсіби салаларға (журналистика, білім беру) әсерін және жаңа шындық кеңістігінің қалыптасуын анықтап, осы үрдістердің маңыздылығын айқындады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, иммерсивті медиа шынайы және виртуалды шекараларды қайта қарастырып, медиатұтынушының тәжірибесін тереңдетеді. Сонымен қатар, бұл технологиялар шынайылықты қабылдау мен оның интерпретациясына елеулі әсер етіп, коммуникациялық процестерді жаңа деңгейге көтереді. Жұмыстың ғылыми құндылығы «иммерсивті өмір» ұғымының теориялық негіздерін жүйелеу мен әлеуметтік-мәдени контексте осы технологиялардың ықпалын талдауда жатыр. Практикалық маңызы, өз кезегінде, алынған нәтижелерді медиа контент жасау, цифрлық білім беру және болашақ журналистика стратегияларын құрастыру барысында кеңінен қолдануға мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысы иммерсивті медианың әлеуетін толық түсініп, оны қоғамның әртүрлі салаларында қолдану бағыттарын анықтауға үлес қосады.