Tүркі әдебиетінің поэзиялық мәтіндеріндегі «ояну» сарыны

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph2025199318
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Түркі халықтарының поэзиялық дәстүрінде «ояну» тақырыбы тарихи жадты, мәдени болмыс пен ұжымдық сананы жаңғыртатын негізгі құндылық ретінде маңызды орын алады. Бұл тақырып жеке рухани ағартушылықты да, халықтар тарих бойы бастан кешкен жаңару мен азаттық жолындағы күресті де бейнелейді. Орта Азия дала мәдениетінен бүгінгі күнге дейін созылған поэзиялық мұрада ояну – эпостарда ұлттың қайта түлеуі, халық поэзиясында әлеуметтік ынтымақ, қазіргі әдебиетте өзінді санының күшеюі ретінде сан алуан көрініс табады. ХІХ-ХХ ғасырларда пайда болған жәдидтік қозғалысы түркі әдебиетіндегі ояну тақырыбының берік идеялық негізінің қалыптасуына ықпал етті. Заманауи білім, ұлттық сана мен мәдени реформаның идеяларын сол кезеңдегі ақындар метафора мен символика арқылы жеткізсе, ояну мотиві жеке тұлғаның да, қоғамның да азаттығының әдеби символына айналды. Кеңес дәуіріндегі әдебиетте бұл тақырып көбінесе символдық-аллегориялық өрнектер арқылы қоғамдық сананы сақтауға қызмет етті. Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Татарстан, Ұйғыр тағы басқа түркі халықтарының ақындары оянуды ұлттың қайта дүниеге келуі мен жеке адамның ішкі шындыққа жету процесі деп бағалаған. Бұл зерттеуде ояну тақырыбының тарихи, мәдени және эстетикалық өлшемдері әртүрлі географиялардан таңдамалы поэзия үлгілері арқылы қарастырылады. Түйін сөздер: ояну, түркі әдебиеті, жадидизм, ұлттық сана, поэзиялық мәтіндер.