Қазақ филологиясы студенттерінің сандық құзыреттілігін арттыру әдістері

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph2025199321
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бүгінгі жаһандық білім беру жүйесінде жоғарғы оқу орнында оқитын білім алушыларының сандық сауаттылығы мен құзыреттілігін дамытудың маңызы артып келеді. Мақалада «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттерінің сандық құзыреттілігін арттырудың заманауи тәсілдері мен әдістері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттерінің сандық құзыреттілігін арттыруға бағытталған заманауи тәсілдер мен әдістерді жүйелеу және талдау, жүргізілген сауалнама негізінде студенттердің сандық және сапалық көрсеткіштерінің нақты жағдайын бағалау. Қарқынды дамып келе жатқан сандық технологиялар қоғамы жағдайында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) тиімді пайдалана білу болашақ гуманитарлық бағытта білім алып жатқан мамандардың кәсіби дайындығының сандық құзыреттілігін анықтайтын негізгі қағидасы. Жоғары оқу орны (ЖОО) студенттерінің сандық дағдыларын дамытуға ықпал ететін тиімді педагогикалық тәжірибелер мен технологияларды анықтау, білім алушылардың заманауи кәсіби маман ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Жүргізілген тәжірибелік зерттеу барысында «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері үшін сауалнама әзірленіп, арнайы қатысқан респонденттер сандық технологиялар саласындағы өз дағдыларын, АКТ-ды оқу процесінде қолдану жиілігін және білім беру әдістеріндегі үлес көрсеткішін бағалады. Алынған деректер студенттердің базалық және жетілдірілген сандық құралдарды меңгеру деңгейінде айтарлықтай айырмашылықтар бар екенін көрсетті. Сонымен қатар, сауалнама нәтижесінде жобаға негізделген оқыту мен интерактивті оқыту форматтарына деген жоғары қызығушылық бар екені анықталды. Әдебиеттерге шолу жасау барысында сандық құзыреттілік пен сандық сауаттылық ұғымдары сараланып, заманауи білім беру технологиялары (EdTech) және «Еdutainment» (білім беру мен ойынды біріктіру) тұжырымдамасы оқыту мотивациясын және тиімділігін арттыру әдістері ретінде талданған. Интерактивті білім беру платформалары, қашықтықтан оқыту және ойын форматын біріктіру студенттердің сандық дағдыларын қалыптастыруға, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал ететіні көрсетілген. Мақаланың нәтижелерді талқылау бөлімінде оқу үдерісіне заманауи сандық әдістерді жүйелі түрде енгізудің, оқытушыларды даярлау мен жоғары оқу орындарының техникалық базасын дамытудың қажеттілігін айқындайды. Бұл студенттердің заман талаптарына сай сандық кеңістікте сәтті бейімделуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Түйін сөздер: сандық технология, кеңістік, құзыреттілік, EdTech, сандық құзыреттілік, сандық оқыту, студент, заманауи әдістер, білік, дағды.