ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІРІЛЕТІН ГИССАР ҚОЙ ТҰҚЫМЫНЫҢ мтДНҚ d-ІЛМЕГІ (d-loop) АЙМАҒЫНЫҢ ПОЛИМОРФИЗМІН ЗЕРТТЕУ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.37884/3-2025/03
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Зерттеу жұмысында Қазақстанда өсірілетін құйрықты қылшық жүнді Гиссар қойларының мтДНҚ d-ілмегі (d-loop) 840 жұп негізді (bp) нуклеотидтен тұратын тізбегінің SNP полиморфизмін пайдаланып, генетикалық әртүрлілікті анықтау мақсатында талдау жұмыстары жүргізілді. Зерттеу жұмыстың барысында Гиссар қойының қаны мен жүн фолликулаларының үлгілері жинақталып, популяциядан 30 қой іріктелді. Қойлардан ДНҚ молекуласы бөліп алынып, сәйкесінше праймерлерді қолдану арқылы ПТР жүргізілді. Алынған амплификат өніміне секвенс талдауы жүргізіліп, нәтижесінде пуринді және пиримидинді нуклеотидтер тізбегінің бірізділігі 33,46 % аденин, 34,19% тимин, 13,42% гуанин мен 18,93% цитозинді құрады. Гиссар қойының мтДНҚ d-ілмегі (d-loop) секвенс талдауын BLAST программасын қолдану арқылы, NCBI базасындағы қолжетімді үй қойлары мен жабайы қой тұқымдарының секвенстік талдауы нәтижелерімен салыстырмалы талдау жасалды. MEGA X бағдарламасы негізінде жүргізілген филогенетикалық талдау нәтижесінде қазақстандық Гиссар қойлары арасында жоғары деңгейдегі генетикалық туыстық (74–80%) анықталды. Гиссар тұқымы Дуамо және Халха қойларымен бір тармақтан таралып, жақын филогенетикалық қатынас көрсетті. Еуропалық және азиялық (кейбір) қой тұқымдары салыстырмалы түрде генетикалық тұрғыда алшақ орналасып, олардың әртүрлі эволюциялық тармақтарға жататыны байқалды.