Аңдатпа
Әлемнің әртүрлі аймақтарындағы табиғи-климаттық, экономикалық және әлеуметтік-демографиялық жағдайлардың өзгеруімен климаттың жаһандық өзгеруіне байланысты қолайсыз факторлардың, мысалы, температураның жоғарылауы, сумен қамтамасыз етудің төмендеуі, құрғақшылық, жердің деградациясы, өсімдік шаруашылығы өнімдерін мал шаруашылығының қажеттіліктеріне пайдаланудың артуы жалпы өзекті мәселелердің бірі. Осы жағымсыз факторларды еңсеру Қазақстанда да, әлемдік ауқымда да экономиканың орнықты дамуы инновациялық технологияларға, агроөнеркәсіптік кешенді әртараптандыруға және ғылыми саланы дамытуға шешуші дәрежеде тәуелді екендігіне күмән жоқ [1]. Зерттеу жұмысының негізгі жаңалығы Қазақстанға әлемдік гендік қордан құмай дақылдарының генетикалық ресурстары тартылып, аса маңызды биологиялық және шаруашылық-құнды белгілері бойынша бағалануы болды. Тікелей себу әдістеріне негізделген құмай дақылдарын өсірудің заманауи ресурс үнемдейтін технологиялары енгізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша Алматы облысы жағдайында өсірілген құмай дақылдарының өніп-өсуінің фенологиялық кезеңдері бойынша – қантты құмай үлгілерінің көбі орташа ерте пісетін, ал дәндік құмай, судан шөбі және құмай судан будандары ерте пісетін, ал генқорының көбі кеш пісетін генотиптерді құрады. Экологиялық сортты сынау үшін Қазақстанның Алматы облысы өңірінде (оңтүстік-шығыс) құмай дақылдарының 36 генотипі сыналды.