БӘЙГЕ АТТАРЫНЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАН САРЫСУЫНДАҒЫ МИКРОЭЛЕМЕНТТЕР КӨРСЕТКІШІ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.37884/3-2025/63
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада бәйге аттарының физиологиялық жағдайын қан сарысуындағы микроэлементтер концентрациясы арқылы бағалау мәселесі ғылыми тұрғыда қарастырылады. Жылқы спорты мен ұлттық бәйге жарыстарының қарқынды дамуына байланысты жануар организмінің функционалдық мүмкіндіктерін дәл әрі тиімді бағалау өзекті мәселеге айналуда. Осы тұрғыда, микроэлементтер және басқа да биологиялық маңызды элементтер – бұлшықет қызметін, жүйке жүйесінің тұрақтылығын, қан түзілу процесін және жалпы зат алмасуды қамтамасыз ететін негізгі көрсеткіштер ретінде алынады. Зерттеу барысында түрлі дайындық және жарыс кезеңдеріндегі бәйге аттарының қан сарысуынан алынған сынамаларда микроэлементтік (калий, фосфор, натрий, кальций, магний, темір) құрам анықталды. Алынған деректер бойынша, микроэлементтердің ауытқуы аттардың организміне түсетін күшке төзімділігімен, зат алмасу қарқындылығымен және жалпы физиологиялық жағдайымен тығыз байланысты екендігі дәлелденді. Сонымен қатар, белгілі бір микроэлементтердің жетіспеушілігі немесе артықтығы спорттық өнімділікке және қалпына келу уақытына айтарлықтай әсер ететіні анықталды. Мақалада алынған нәтижелерге сүйене отырып, бәйге аттарының денсаулығын кешенді бағалау мен жаттықтыру бағдарламаларын тиімді жоспарлауда микроэлементтік мониторингтің маңыздылығы негізделеді. Бұл зерттеу ветеринариялық бақылау мен спорттық жылқылардың өнімділігін арттыруда ғылыми негізделген тәсілдерді қолдануға мүмкіндік береді.