Ә.Х.МАРҒҰЛАННЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАСТАУЫ: СЕМЕЙ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНИКУМЫНЫҢ ҒАЛЫМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ӘСЕРІ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2025.86.3.030
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

«Ә.Х. Марғұланның педагогикалық бастауы: Семей педагогикалық техникумының ғалымның қалыптасуына әсері» атты мақаласы Ә.Х. Марғұланның педагогикалық мансабының алғашқы кезеңін зерттейді және оның Семей педагогикалық техникумында оқуы, оның ғалым ретінде қалыптасуына қалай ықпал еткенін талдайды. Мақалада педагогикалық техникумның құрылу тарихына да, оның мақсат-міндеттеріне де шолу жасалған. Мұрағат материалдары, замандастарының естеліктері және тарихи деректерді талдау негізінде мақала Ә. Марғұланның көрнекті ғалым ретінде қалыптасуын атехникумның оқытуымен педагогикалық тәжірибесінің бірегей аспектілері қалай әсер еткенін көрсетеді. Сонымен қатар, оқушылармен оқытушылар арасындағы өзара әрекеттестіктің маңыздылығына назар аударылады, бұл оқытуда шығармашылық тәсілдерді қалыптастыруға ықпал етеді. Мақалада оның кейінгі мансабымен ғылыми жетістіктеріне әсер еткен негізгі ойлар да қамтылған. Мақаланың қорытындылары Ә.Х. Марғұланның ғылыми жолын зерттеу қызметін қалыптастырудағы ерте білім беру тәжірибесінің маңыздылығын, сондай-ақ Семей педагогикалық техникумының Қазақстандағы педагогика ғылымының дамуына әсерін көрсетеді. Зерттеу жұмысы Семей педагогикалық техникумы білім беру мекемесі ретінде кейіннен елдің білім беру жүйесін дамытуға және оқытудың жаңа әдістемелерін жасауға елеулі үлес қосқан білікті педагог кадрларды даярлауда шешуші рөл атқарғанынан назар аударады.