ЕРТЕ КӨШПЕНДІЛЕРДІҢ АҢ СТИЛІ: БІЛІМ БЕРУ БАРЫСЫНДАҒЫ ЗАМАНАУИ МӘСЕЛЕЛЕР

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2025.86.3.019
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақала ерте кезеңдегі көшпенділердің аң стилін білім беру үдерісіне енгізудің теориялық және әдістемелік негіздерін талдайды. Зерттеу материалдары ретінде Орталық Азиядағы ерте темір дәуірі ескерткіштерінен табылған зооморфты бейнелер, музейлік жинақтар мен классикалық еңбектер қамтиды. Авторлар заманауи цифрлық технологиялардың білім беру жүйесіне ықпалын, артықшылықтарымен кемшіліктерін жан-жақты талдай отырып, электрондық оқытудың мүмкіндіктерімен шектеулерін сипаттайды. Білім беру процесін цифрландырудың негізгі аспектілері ретінде оқу материалдарының электронды форматқа көшуі, интерактивті ортаның дамуы, оқыту құралдарының жаңа түрлері және жасанды интеллектті пайдалану мүмкіндіктері атап өтілген. Сонымен қатар, цифрлық білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелер – дәстүрлі білім беруге еліктеу, сапаны бақылаудың әлсіздігі, интерактивтіліктің төмендігі, әлеуметтенудің жеткіліксіздігі және жасырын білім берудің қиындығы сараланады. Мақалада Қазақстанда білім беруді цифрландыру үдерісінің жаһандық білім беру кеңістігіндегі орнын анықтау, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары қарастырылады. Цифрлық трансформация жағдайында білім беру ұйымдарына заманауи талаптарға сай бейімделу қажеттілігі ерекше атап өтіледі. Сондай-ақ виртуалды музейлер, интерактивтік карталар, жобалық оқыту сияқты шешімдер арқылы аң стилін оқыту тарихи-мәдени сананы, зерттеушілік және сыни ойлаудағығдыларында дамытуға мүмкіндік беретіні көрсетіледі.