Аңдатпа
Бұл мақалада ХІХ ғасырдың екінші жартысымен ХХ ғасырдың басындағы Ақмола және Семей облыстарындағы оқу-ағартумен, мәдениет саласындағы меценаттық қызмет жан-жақтық қарастырылады. Ресей империясы құрамындағы аймақтарда мемлекеттік қолдаудың жеткіліксіздігі жағдайында жергілікті меценаттардың бастамалары халықтың білім алуымен, мәдени өмірінің жандануына шешуші ықпал еткен. Мақаланың мақсаты – меценаттық қызметтің түрлерін айқындап, олардың қоғам дамуына қосқан үлесін анықтау, сондай-ақ аймақтық ерекшеліктерін көрсету. Зерттеу материалдары Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің (ҚРОМА) 44 және 64 қорларынан алынған құжаттарға, мерзімді баспасөз деректеріне («Тургайская газета», «Иртыш») және А. Глаголев, С. Новикова, Т. Казовская, З. Махмутов, Т. Титова еңбектеріне негізделген. Әдіснамалық тұрғыдан тарихи-генетикалық, салыстырмалы және жүйелік-құрылымдық әдістер қолданылып, меценаттықтың типологиясы мен оның әлеуметтік-психологиялық қырлары талданды. Зерттеу нәтижесінде меценаттықтың төрт негізгі түрі – стихийлы, коллекционерлік, қамқоршы және қоғамдық ұйымдар аясындағы меценаттық айқындалды. Жаңалығы – осы құбылыстың Ақмола мен Семей өңірлеріне тән ерекшеліктері архивтік деректер негізінде алғаш рет жүйелі сипатталып отыр. Мақалада меценаттық қызметтің мәдениетті дамытудағы тарихи рөлі ашылып қана қоймай, қазіргі қоғам үшін де қайырымдылық бастамаларды қолдаудың маңыздылығы ұсыныс ретінде айтылады.