УАҚЫТША ҮКІМЕТ ЖАНЫНДАҒЫ ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІНІҢ ІСТЕРІ БОЙЫНША КОМИССАРЛЫҚТЫ ЕНГІЗУГЕ ҚАТЫСТЫ ІС ЖҮРГІЗУ МӘСЕЛЕСІ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2025.86.3.014
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақала 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін Түркістан өлкесінде енгізілген Уақытша үкімет комиссарлары институтының құрылуымен қызметінің ерекшеліктеріне арналған. Зерттеудің басты мақсаты – комиссарлардың өлкедегі билік құрылымындағы орнын, саяси-құқықтық мәртебесін және олардың қызметінің нәтижелерін айқындау. Жұмыс та комиссарлардың облыстық, уездік, учаскелік деңгейде атқарған қызметі, полиция органдарын реформалаудағы, жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудағы, сондай-ақ Құрылтай жиналысына сайлауды өткізуге дайындық барысындағы рөлі қарастырылады. Сонымен қатар, commissarлар мен қоғамдық ұйымдардың өзара қарым-қатынасы талданады. Мақалада Қазақстан мен Ресей мұрағаттарынан алынған жаңа деректер ғылыми айналымға енгізілді. Алғаш рет Түркістан өлкесіндегі комиссарлар институтының қызметі арнайы зерттеу нысаны ретінде қарастырылып, олардың саяси ұстанымдары мен тәжірибелік әрекеттеріне жан-жақты талдау жасалды. Мақаланың ғылыми жаңалығы – комиссарлар қызметі насятын архив материалдарын жүйелеу, олардың заң шығару және басқару тәжірибесін анықтау, сондай-ақ тарихнамадағы бұрынғы түсініктерді сын тұрғысынан қайта қарастыруда. Бұл зерттеу Түркістан өлкесінің саяси тарихын тереңірек түсінуге, ХХ ғасырдың басындағы мемлекеттік басқару институттарының қалыптасу ерекшеліктерін айқындауға үлес қосады. Сонымен қатар үкіметтің өзін-өзі басқару және жергілікті басқару органдары жөніндегі қаулыларымен жарлықтарын сақтаумен қадағалауды жүзеге асыратын Уақытша үкіметтің облыстағы өкілі ретінде губерниялық (облыстық) комиссар мәртебесі де айтылды.