ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКТІҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІН БАҒАЛАУ: ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР МЕН ТҰЖЫРЫМДАР

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2025.86.3.034
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада, Өзбекәлі Жәнібектің қоғамдық-саяси қызметіне жаңа әдіс-тәсілдер негізінде бағам беріледі. Өзбекәлі Жәнібек – ХХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның қоғамдық және мәдени өмірінде маңызды рөл атқарған қайраткер. Ол ұлттық мәдениетті жаңғырту, қазақ тілінің мәртебесін көтеру және тарихи сананы қалыптастыру бағытында елеулі жұмыстар атқарды. Ө. Жәнібектің қызметін бағалау кезінде дәстүрлі тарихи талдаулармен қатар, жаңа әдіс-тәсілдер, соның ішінде тарихи салыстырмалы, құжаттық зерттеу, тұлғатану және нақты тарихи әдістері қолданылды. Сонымен қатар, оның қоғамдағы орны мен ықпалы заманауи көзқарастар тұрғысынан қарастырылады. Мақалада Жәнібектің мәдени мұрасымен саяси қызметінің тарихи маңызы айқындалып, оның бүгінгі Қазақстан қоғамына тигізген әсері сараланады. Сонымен қатар, зерттеу барысында архивтік құжаттар, ғылыми еңбектер және замандастарының естеліктері негізінде Ө. Жәнібектің қоғамдық-саяси қызметіне объективті баға беріледі. Мақалада жаңа әдіснамалық тәсілдер қолдану арқылы Ө. Жәнібек тұлғасының сан қырлық қыры ашылып, оның мемлекетпен және қоғамда муына қосқан үлесі айқындалады. Зерттеу нәтижелері Ө. Жәнібек мұрасын қайта зерделеуге, оның қызметін жаңа тұрғыдан бағалауға және Қазақстанның саяси тарихындағы рөлін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Өзбекәлі Жәнібектің қоғамдық-саяси қызметінің заманауи Қазақстан үшін маңыздығы жан-жақты талданады. Оның ұлттық сананы қалыптастыру, тарихи мұраны жаңғырту және мәдениетті дамыту жолындағы еңбектері қазіргі таңдағы ұлттық бірегейлік мәселелерімен тығыз байланысты. Сонымен қатар, зерттеу барысында Ө. Жәнібектің саяси шешімдеріне ықпал еткен тарихи жағдайлар, оның бастамаларының жүзеге асу барысы мен нәтижелері сараланды. Бұл тәсіл оның тұлғалық ерекшеліктерімен мемлекеттік қызметіндегі рөлін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Осылайша, мақалада Өзбекәлі Жәнібек тұлғасының сан қырлық қыры ашылып, оның Қазақстан тарихындағы орнымен мұрасын қайта бағалауға негізделген жаңа тұжырымдар ұсынылады.