Өзгесіз білім беруде педагогтердің ағылшын тілін меңгерудегі зерттеушілік құзыреттерін дамытудың психологиялық аспектілері

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2025.84.3.012
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада үздіксіз білім беру аясында педагогтердің ағылшын тілінмеңгеру арқылы зерттеушілік құзыреттіліктерін дамытудың психологиялық аспектісі үдерісі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты –ағылшын тілін кәсіби деңгейде қолдану педагогтердің ғылыми-зерттеу қызметіне, академиялық жазу дағдыларына және халықаралық ғылыми ортаға интеграция-лануына қалай әсер ететінін анықтау. Зерттеу Орталық Азия инновациялық университетінің 15 оқытушысының қатысуымен жүзеге асырылды және үш кезеңнен: диагностикалық, оқыту және қорытынды бағалау кезеңдерінен тұрды. Эксперименттік жұмыс барысында педагогтер арнайы әзірленген оқыту бағдарламасына қатысып, академиялық ағылшын тілі, ғылыми мәтіндермен жұмыс істеу, зерттеу жазбаларын дайындау және халықаралық конференцияларға қатысу бойынша практикалық дағдыларын жетілдірді. Нәтижесінде, олардың академиялық жазу мен ғылыми мәтіндерді талдау қабілеттері едәуір жақсарды, ал ағылшын тілінде зерттеу жүргізуге деген сенімділіктері артты. Мақалада алынған нәтижелер негізінде үздіксіз кәсіби даму бағдарламаларын жетілдіру жолдары ұсынылып, ағылшын тілін меңгеру педагогтердің зерттеу-шілік әлеуетін арттырудың маңызды құралы екендігі дәлелденді. Зерттеу педагогтердің халықаралық академиялық қауымдастыққа қосылуына мүмкіндік беретін әдістемелік, тілдік және зерттеушілік дағдыларды дамытудың қажеттілігін кӛрсетеді.