ЖОО СТУДЕНТТЕРІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ –КӘСІБИ ҚАЛЫПТАСУДЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2025.84.3.021
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Жоғары оқу орындары студенттерінің кәсіби қалыптасуы – олардың тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби дамуының маңызды кезеңі болып табылады және бұл үдеріс олардың психологиялық денсаулығының деңгейімен тікелей байланысты. Академиялық және кәсіби талаптардың артуы жағдайында студенттердің психоэмоционалдық жай-күйі олардың кәсіби бейімделуінің маңызды факторыға айналады. Заманауи зерттеулер психологиялық денсаулықты көпқырлы құрылым ретінде қарастырады. Эмоционалдық тұрақтылық (қорқыныш, күйзеліс, уайым деңгейі), когнитивті бағалау (өз-өзіне баға беру, өзін тиімді сезіну), әлеуметтік функциялар (қарым-қатынас жасау, командада жұмыс істей білу), сондай-ақ құндылықтық-мағыналық сала (өмірлік мақсаттар, кәсіби мағыналылық сезімі) секілді негізгі компоненттер ерекшеленеді. Мақалада студенттердің психологиялық денсаулығы мен кәсіби икемділігі арасындағы байланыс ашып көрсетіледі. Қазақстандық ЖОО-ның 110 студенті қатысқан эмпирикалық зерттеуде GHQ-12 және CAAS сауалнамалары қолданылды. Алынған деректер стресстің жоғары деңгейі (GHQ-12 ≥ 24) кәсіби бейімделгіштіктің айтарлықтай төмендеуімен, әсіресе «бақылау» шкаласы бойынша (p < 0,01) өзара байланыста екенін көрсетті. Практикалық ұсыныстар ретінде жоғары оқу орындарында психологиялық қолдауды күшейту, стресс пен уақытты басқару бойынша тренингтер енгізу, сондай-ақ оқытушылардың психологиялық тұрақтылық саласындағы біліктілігін арттыру ұсынылады. Студенттердің психологиялық денсаулығын қамтамасыз ету – болашақ мамандардың тиімді кәсіби қалыптасуының қажетті шарты деген қорытынды жасалды.