БІЛІМ БЕРУДІ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ: ЭМПИРИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2025.84.3.009
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада цифрлық технологиялардың жоғары оқу орындары оқытушыларының психикалық денсаулығына әсері зерттелген. Зерттеу 61 оқытушының қатысуымен жүргізілген авторлық сауалнамаға негізделген. Сауалнама оқытушылардың цифрлық жүктемесі, эмоциялық күйі, кәсіби күйзелісі және қанағаттанушылық деңгейі сияқты факторларды қамтыған. Нәтижелер көрсеткендей, цифрлық технологияларды белсенді қолдану көбіне артық жұмысбастылық пен күйзеліс деңгейін арттырады. Сонымен қатар, техникалық қиындықтар мен институционалдық қолдаудың жетіспеушілігі оқытушылардың психоэмоциялық жағдайына кері әсер етеді. Факторлық талдау нәтижесінде оқытушылардың эмоциялық күйіне әсер ететін үш негізгі фактор анықталды: психоэмоциялық күй және стресс, цифрлық жұмыс жүктемесі, кәсіби қанағаттану мен өмірлік тепе-теңдік. Кластерлік талдау респонденттерді психоэмоциялық профильдеріне қарай үш топқа бөлді. Спирменнің корреляциялық талдауы факторлар арасындағы маңызды байланыстарды растады. Зерттеу цифрлық ортадағы кәсіби қызметтің психологиялық аспектілерін ескерудің маңыздылығын айқын көрсетеді.