Аңдатпа
Бұл зерттеудің мақсаты –жекеменшік мектеп-лицейі мен мемлекеттік мектеп гимназия-сында оқитын жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдауына психологиялық дайынды-ғын қалыптастырушы факторларын анықтау.Бұл тақырып дайындық процесіне әсер ететін жағдайларды қарастырады. Сонымен қатар, мектептегі психологиялық кеңесшілерден кӛмек алатын жағдайын, жоғары сынып оқушылары таңдайтын саланы, олардың артықшылық мәртебесін және олардың мамандық таңдауына әсер ететін факторларды анықтау. Зерттеу тобына 2024-2025 оқу жылында Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты бақылау тобына жекеменшік «Алгорифм» физика-математикалық лицейінде оқуын жалғастырып жатқан 80 (45 қыз бала және 35 ұлдар) және эксперимент тобына КММ No185 мектеп-гимназиясында оқып жатқан 89 (57 қыз бала және 32 ұлдар) жоғары сынып оқушылары қатысты. Оқушылардың мамандық таңдауына әсер ететін факторларды анықтау үшін «Мамандық таңдауға әсер ететін факторлар» сауалнамасы қолданылды. Сонымен қатар, Е.А. Климовтың «ДДС» (қазақ тілінде аударылып модификацияланған) сауалнамасы мен С.С.Гриншпунның "Мамандық таңдау мотивтері" атты тест-сауалнама біргежүргізілді. Зерттеу нәтижелерін бағалағанда, оқушылар-дың шамамен жартысы мамандық таңдау процесінде кәсіби кӛмек алып, ӛз қалауларын нақтылайтыны байқалады. Дегенмен, зерттеу нәтижелері жекеменшік мектеп лицей оқушы-ларының мамандық таңдауына жеке факторлар әсер ететін негізгі факторлар екенін кӛрсетеді. Зерттеудің басқа да тұжырымдарына сәйкес, оқушылардың мамандық таңдау процесінде ең тиімді болып табылатын айнымалылар мамандықтың оқушының арманына сәйкес келуі,мамандыққа байланысты іс-әрекеттердің ләззат алатындығы, мамандықтың оқушының жеке қасиеттеріне сәйкес келетіндігі және мамандықтың кәсіби ӛсу үшін қолайлы екендігі болып табылады. Осы нәтижелерге сәйкес тиісті әдебиеттер аясында түрлі ұсыныстар жасалды.